17
февраль
2020
Мектепте тамақтандыру сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссиясының жұмысы
Тамақтандыру сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия жұмысының қорытындысы туралы
АНЫҚТАМА
АНЫҚТАМА
2019-2020 оқу жылы №35 жалпы білім беретін мектебіндегі қыркүйек айында 1-11 сынып оқушылары ыстық тамақпен қамтылуы бойынша ұйымдастырушылық жұмыстар жүргізілді.
«Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекеленген санаттарына тегін тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын орындау мақсатында және мектеп оқушыларының денсаулығын жақсартудағы тиімді тамақтануын ұйымдастыруға байланысты 2019-2020 оқу жылы мектеп оқушыларын ыстық тамақпен қамтуға байланысты мектеп оқушыларының ата-аналарымен түсіндірме жұмыстарытамыз айында1-11 сынып жетекшілерінің тарапынан жүргізілді.
Мектеп оқушыларын тегін ыстық тамақпен қамту мақсатында ата-аналар тарапынан стандартқа сәйкес өтініштер беріліп, қыркүйек айында тегін тамақпен қамтылатын 64 оқушының анықтамасы жинақталды.
Барлығы 2019-2020 оқу жылында тегін ыстық тамақпен қамтылатын64 оқушы. Оның ішінде 63 оқушы атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасынан шықса, 1 оқушы ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала.
Ата-аналар есебінен 1-11 сыныптардағы 99 оқушыны ыстық тамақпен қамтамасыз ету мақсатындағы іс-шараларды ұйымдастырылды.
Мектеп қабырғасында ыстық тамақпен қамтамасыз етілу барысында әкімшілік және мұғалімдердің кезекшілік кестесі құрылды.
Қазіргі таңда білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыруға қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым міністрінің міндетін атқарушы 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №717 бұйрығымен бекітіп, 2017 жылғы 22 ақпандағы №76 бұйрығымен өзгерістер енгізілген «Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру қағидаларына» сай жүргізілуі тиіс. Бұл қағидада тиімді тамақтандырумен қамтамасыз ету, тамақ өнімдерінің сапасына және қауіпсіздігіне кепілдік беру, білім алушылар арасында тамақтан уланудың алдын алуға және профилактикасына бағытталған санитарлық талаптарды сақтау болып табылады. Осы мақсатта Қағиданың – 80 – тармағына сәйкес тамақтандырудың сапасына монитроинг жүргізу жөніндегі комиссия құрылып, көмиссия төрағасы білім беру ұйымының басшысы болды. Сондықтан, мектеп оқушыларын тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия құрамына мектептің төменде көрсетілген қызметкерлерін енгізіп, бекітілді:
1. С.Касымова – мектеп директоры комиссия төрайымы
2. К.Зеткулов –ДОТІЖО, мүшесі
3. К.Кулажанова – ДТІЖО, мүшесі
4. И.Даниярова– ДАІЖО, мүшесі
5. Б.Сәдірмек – психолог, мүшесі