20
декабрь
2018
«Жас химиктер» Сыныптан тыс сабақ
Сынып: 8
Күні: 12.12.16 ж
Сабақтан тыс ашық сабақтың тақырыбы: «Жас химиктер» топаралық сайыс
Сабақтың мақсаты:
-Оқушылардың химия пәнінен алған білімдерін толықтырып, оны іс жүзіне шығармашылықпен қолдану дағдысын меңгерту.
-Оқушылардың танымдық қабілеттерінің деңгейін байқау, көзқарастарын қалыптастыру.
-Химия пәніне деген қызығушылықтарын арттыру.
Жүргізуші: Қымбатты, оқушылар мен ұстаздар! Химияның кереметіне көз салып, құдіретін ұғыну үшін бүгін біз химиядан « Жас химктер» сабағымызды өткізгелі отырмыз. Ғали Ормановтың химия кереметтерін суреттейтін мына өлең жолдарымен кешті бастауға рұқсат етіңіздер.
Ғажайып нәрсе химия,
Тұңғиық сыры әр алуан.
Жоғалып бір зат зым - зия
Жаңалып бірі жаралған.
Өмірдің бірақ керегін,
Осылар тауып берер ме?
Табар ма ешкім дерегін,
Телмірмей, сірә, тереңге.
Бүгінгі «Жас химиктер» сайысына қош келдіңіздер.
Болсын дейміз жарысымыз жемісті,
Озып шықсын кім білімді, кім күшті.
Әділ қазы, ақ қазыға жүгінсек
Берер дейміз әділдікпен жеңісті – дей келе сайысымызды әділ
бағалайтын әділ қазылармен таныс болайық.
Кештің жоспары:
1. Таныстыру
2. Сұрақ жауап
3. Химиялық лото
4. Элементке сипаттама бере аласың ба?
5. Қызықты жұмбақтар
6. Формулалар сайысы
Жүргізуші: Салем сөздің – анасы
Дейтін қазақ данасы
Сәлемдесіп танысып,
Кеш бастайық жарысып
Жақсылық әркез тілейік
Химияны оқып білейік
Осы тілде құттықтап
Аман есен жүрейік.
Сонымен І кезең «Таныстыру». Бұл кезеңнің ерекшілігі топ басшылары өздерінің топ мүшелері мен қысқаша таныстырып, қарсылыстарға химия тілінде құттықтап сәттілік тілейді.
Жүргізуші: Дармштард гимназиясының директоры болашақ мамандығы жайлы Юстус Либихтен сұрағанда «Менің химик болғым келеді!» деп жауап беріпті. Оған жиналғандар, мұғалімдер мен гимназистер біраз уақыт күліп жүріпті. Себебі ол кездерде Германияда және т. б. елдерде бұл аса көп көңіл бөлмеген, олар химияны жаратылыстану ғылымының қолданбалы бөлігіне жатқызған және де жеткілікті дәрежеде емес еді. қазір ешкімде мұндай жауапқа таң қалмайды, күлмейді де себебі химияның қазіргі жағдайы көңіл қуантады. Яғни химик болу үшін ойлы болу жеткілікті.
Келесі кезең «Сұрақ -жауап» деп аталады. Бұл кезең бойынша әр топқа 5 сұрақтан қойылады.
Ескерту: Егер қойылған сұрақтарға жауап болмаса, қарсыластар қол көтеру арқылы ғана жауап бере алады.
І топ Атомдар
1.Химиялық реакцияның типтерін атаңдар (қосылу, айырылу,орынбасу,алмасу)
2.Периодтық кестені кім ашты (Менделеев)
3. Зат мөлшерінің өлшеи бірлігі (моль)
4.Қанның құрамына кіретін металл (Темір)
5. Судың молярлық массасы (18)
II топ Менделеев
1. Отынның қанша түрлері болады? (3)
2. Алғашқы көмекке пайдаланатын бейметалл (Йод)
3. Көлемнің саны (22,4)
4. Екі жай зат және бірнеше күрделі заттан бір күрделі заттың түзілуін химиялық реакцияның қай типіне жатады?(қосылу)
5. Экзотермиялық қандй мағынаны береді (Сыртқа)
Жүргізуші: Білмейтінін білем деп олжа қуар
Кейбіреудің әр заттан болжамы бар
Химияны болжаммен ұға алмайсың
Формуланың оң жағы, сол жағы бар.
ІІІ кезең. Химиялық лото.
Ойын картасында заттардың берілгені және реакциялардың шыққан өнімдері жазылған карточкалар берілген. Осы реакцияларды сәйкестендіріп, коэффициенттерін қойыңыздар.
І топқа Атомдар
Fe+Cl2=
K+H2=
CuSo4+Fe=
Ca+ HCl=
ІІ топқа Менделеев
Zn+H2SO4=
2HCl+Mg=
Al+S=
Mg+2HBr=
Жүргізуші: Ойынымызды әрі қарай жалғастырамыз, келесі кезең «Элементке сипаттама бере аласыз ба?» деп аталады. Топ басшыларына элемент беріледі. Соған қысқаша сипаттама беріңіздер.
Жүргізуші: Келесі кезең Қызықты жұмбақтар. Әр топқа 4 жұмбақтан қойылады, соның қазақша, орысша, ағылшынша айтуларыңыз керек.
І Топ Атомдар
1.Сыныптан бір шықпайды
Тимесең жұқпайды
Жәрдемсіз бұл заттың
Оқушы сабақ ұқпайды (бор)
2.Құрғақ жерде сақтайық
Онсыз тамақ татпайсың (ас тұзы)
3.Өзі ауыр металға жатады
Балалар осы металл
құйған сақамен атады (қорғасын)
4.Шыдасаңда алты күн ассыз мүлде,
Шыдау қиын бұл затсыз екі күнге (су)
ІІ топ Менделеев
1.Өзім газбын, менімен демаласың
Жоқ болсам,ауа жетпей қиналасың (оттек)
2.Бірінші буыным "көп" сөзінің антонимі
Екінші буыным "тілсіз жау"
Ал, өзім химиялық элементпін (азот)
3. Машина мен трактордың жаны,
Қара металлургияның наны
4. Күмістей түсі жылтыр, өзі суық (темір)
Буланбас, қайнасаңда отынды үйіп
Көрмейтін суықты, жылуды анық,
Қандай зат? Құрал жасар соны құйып (сынап)
Жүргізуші:Кешті қорытындылау сөз кезегін әділ қазыларға сөз берейік. Қатысқан оқушыларға көп - көп рахмет. «Жас химиктер» сайысын жабық деп жариялаймын.