"Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін енгізу арқылы білім сапасын арттыру. " Баяндама тарих пәні мұғалімі: Баякеев Жасулан » СШ№35 уч.Жамбыла
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«№35 жалпы орта білім беретін мектебі»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 5-07-99
Есепші бөлімі:
+7(72632) 5-07-99
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » "Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін енгізу арқылы білім сапасын арттыру. " Баяндама тарих пәні мұғалімі: Баякеев Жасулан
05
июнь
2017

"Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін енгізу арқылы білім сапасын арттыру. " Баяндама тарих пәні мұғалімі: Баякеев Жасулан

Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін енгізу арқылы білім сапасын арттыру.
Мақсаты: жеке тұлғаға және нәтижеге бағытталған білім беру жүйесіне көшуде жаңа технологияның әдіс-тәсілдері мен озық тәжірибені ұлттық және жалпы адамзаттық құндылық қағидаларымен сабақтастыру.


«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақ тағдыры ұстаздың қолында»
Н.Ә.Назарбаев

«Халықтың кемеліне келіп өркендеп өсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет» деп қазақтын біртуар перзенті Шоқан Уәлиханов айтқандай еліміз өз тәуелсіздігін алғаннан кейін білім мен ғылым саласына ерекше көңіл бөлуде. . Әлемдік білім кеңістігінен орын алу үшін міндетті түрде саналы жан-жақты дамыған ұрпақты тәрбиелеуіміз керек . «Мұғалім – мектептің жүрегі» деп халқының болашағы үшін білімнің даңғыл жолын салған Ыбырай Алтынсары бекерден бекер айтпаған. Әрбір мұғалім өзін мектептің жүрегімін деп есептеп, мектептің жанын кіргізердей дәрежеде болуы тиіс. Өз ісіне аса ықыласпен ден қоя отырып, құзырлы мұғалім ретінде баланың жүрегіне білім нәрін себе білуі керек.
Білімді және тәрбиелі , дүниетанымы кең , ұшқыр ойлы ұрпақ тәрбиелеу үшін - сындарлы оқыту теориясын сабақ үдерісінің негізгі көзіне айналдыру қажет. Осы бағытта білім беру ұйымдарының алдындағы мақсат - мұғалімдер тәжірибесін үнемі жетілдіру және бағалау. Жаңа әдіс –тәсілдердің практикалық қолданысын кеңейту, дамыту болып табылады.
Қазіргі әлеуметтік-мәдени жағдайдағы өмір сұранысына сай білімі бар, шығармашылықпен жұмыс жасайтын, өзін-өзі дамытып жетілдіре алатын азамат тәрбиелеу оның өзін белсенді жағдайға қоятын жеке тұлғаға бағытталған оқыту технологияларын тиімді пайдаланумен тікелей байланысты.
Қазіргі инновациялық технологиялар-білім сапасын арттырудың кепілі. Оны өз дәрежесінде пайдаланудың оқушыны шығармашылыққа төселдіруге ықпалы өте зор. Оқытудың тиімділігін арттыру үшін біз, мұғалімдер қауымы әр сабақта жаңа технологияларды қолдануымыз қажет. Себебі жаңа технологиялардың ерекшелігі-оның оқушыға жан-жақты ықпал етуі. Яғни, тек білімді немесе оқу бағдарламасын меңгертіп қоймай, жеке тұлғаның танымдық қабілеттерін, танымдық процестерін (есту, көру), өзін-өзі дамыту, бекіту, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру, белсенді сөздік қорын дамытуға, өз бетімен білім алуға, ізденуге деген ықыласы мен іскерлігін, оқу-танымдық ынтасын жетілдіру, әрі жеке тұлғаны жан-жақты дамытуға жетелейді.
Жалпы орта білім беру жүйесінің қазіргі талаптары білім беру үдерісін үнемі дамытып отыруды қажет етеді. Сапаны арттырудың және білім беруді дамытудың негізгі белгілерінің бірі-әдістемелік деңгейді арттыру болып табылады. Әрбір мұғалім үшін өз қорында топқа және кіші топтарға бөлу ережелерінің болуы қажет. Топтарға бөлу тренинг динамикасына зор әсер етеді. Кейде топқа бөлудің түрлері жаттығу орындауға немесе оның мазмұны, өту жолы қызу талдауға жағдай жасайды.
Топтық оқыту –үлгісі педагогикалық үдерістің бір элементі болып табылады. Топтық жұмыс оқушылардың ұжымдық іс-әрекеттерінің көрінісі болып табылады. Топтық жұмыста әркім өзі үшін және басқалар үшін жауапкершілікті сезінеді. Топқа бөлудің негізгі түрлері:
-Пазлдар мен бөлу: «Әлемнің жеті кереметі», «Әлемдегі ең биік мұнаралар», «Астана арман қала» және т.б тақырыптар бойынша фото құрастыру арқылы топтарға бөлу.
-Түстер арқылы бөлу: түстермен бөлу арқылы Э.Бононың «Ақылдың 6 қалпағы», «Деңгейлік тапсырмалар» бойынша жұмыс жасаған уақытта тиімді.
-Сандармен, әріптермен, доппен бөлу: тақырыпты меңгерту мақсатында қолдануға болатын ең қарапайым топқа бөлу формалары. Доппен бөлуде – топбасшысы бір біріне допты беру арқылы өздерінің топ мүшелерін жинақтаса, әріптер арқылы бөлудің «Қарлы кесек» немесе «Джек-со» тренингтерін өткізуге өте тиімді.
-Мозайка құрастыру арқылы: жаңа сабақтың мағынасына қарай қималарды құрастырады. Жаңа сабақтың тақырыбын ашуға мүмкіндік береді.
Тарих сабағында үнемі қолданып отыратын өзіме тиімді әдіс – тәсілдерге тоқталып өтсем: оқушылардан үй тапсырмасын сұрау кезінде «Қарлы кесек», «Шынжырдағы үзбелер», «Өрмекші», «Автор орны», «Ақыл қалпағы», «Даналық ағашы» әдіс- тәсілдерін қолдана отырып сұраймын. Жаңа тақырыпты меңгеруде «Джексо» «Әңгіме құрастыру», «Мәтін бөліктері», «Шеңбер бойымен әңгімелеу», «Идеялар тоғыстыру» («Не? Қайда? Қашан?»), «Тұлғаны танып-біл» әдістерін қолдану арқылы жаңа сабақты түсіндіру ыңғайлы. Соның ішінде «Джексо» әдісін қолдану арқылы оқушылар сабақты өздері топ басшының көмегімен түсініп іздейді, ойларымен бөліседі. Бұл әдісті қолдану кезінде екі топ өздеріне берілген тапсырмаларды зор қызығушылықпен орындайды, постермен жұмыс жасап қорғады. Оқушылар топпен жұмыс жасай отырып бір-бірін тыңдады, оқып үйренді. Жаңа сабақты түсінгенін тексеру мақсатында «Ойлан.Жұптас.Бөліс» әдісі арқылы топтық, жұптық, жеке жұмысты ұйымдастыра отырып бұл әдістің тиімділігіне көз жеткіздім. Бұл әдіске ерекше тоқталғаным қабілеті жоғары және уәжі төмен оқушылармен яғни деңгейлік тапсырмалар орындауда уақытты үнемдеуге септігін тигізеді. Бағалау кезінде «Баланс дөңгелегін» қолданған өте тиімді. Сабақ соңында топтарға әр топтың сабақ барысындағы іс-әрекетіне «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісін қолданамын. Кері байланысқа түсе отырып сабақтың ұнаған жақтары мен ұсыныстарын оқушылардың өздері дәлелдейді. Яғни бұл келесі сабақта алдыңғы сабақта кездескен қиындықтарды жеңуге мүмкігдік туғызады. Бұл әдіс-тісілдерді өз іс тәжірибеме енгізу, білім сапасының артуына септігін тигізді.
Тарих пәні бойынша соңғы үш жылдық білім сапасының көрсеткіші:
2014-2015 оқу жылында 55%
2015-2016 оқу жылында 57%
2016-2017 оқу жылында 60%
Қорытынды.
Мектептегі білім сапасын көтеретін нақты механизмдер, ол-оқыту процесіне жаңа технологияларды кеңінен енгізу. Қазіргі кезде республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Сондықтан әрбір педагог сабақты үнемі қалыптасқан формада өткізуден көрі оқытудың жаңа технологиясын, жаңа әдіс-тәсілдерін және дәстүрлі емес сабақ түрлерін өткізу тиімді. Оқыту үрдісіндегі жаңа әдіс-тәсілдер оқу мазмұны мен оқушылардың жас ерекшелігіне қарай таңдап алу қажет. Сабақта қолданылған жаңа әдіс-тәсілдердің өзі әрбір мұғалімнің шеберлігіне байланысты әрқалай жүзеге асырылуы мүмкін.
«Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» деп Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев жолдауының жүзеге асуы бүгінгі біз тәрбиелеп отырған білімді ұрпақтың қолында.
Назарларыңызға рахмет!
Сіздерге денсаулық, шығармашылық табыс тілеймін!
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив