24
октябрь
2024
"Қыран елім-Қазақстан"
25 қазан-Республика күніне орай өткізілетін іс-шаралар аясында "Отаным-баға жетпес байлығым" тақырыбында мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.1990 жылы 25 қазан - Қазақстанның Егемендігі мен Тәуелсіздігіне батыл қадам жасалған күн дей келе, құттықтау сөздер мен тақпақтардан соң 5 сынып оқушылары Бейсенбек Санжар мен Жақсылық Ерасыл "Ерке сылқым" күйімен ашты.
«Қазағым ау» әнін жеке дауыста 5 сынып оқушысы Таргатов Р. - ерекше тебіреніспен, жүрегім «Қазақ» деген үнмен, балалық балғын сезіммен әуелете шырқады.
3 сынып оқушылары Жолдыбай А., Бегалиева А., Шынарбек Е. «Қазақстан - қыран далам!» атты өлеңді мәнерлеп жатқа оқыды.
Біздің - бір ғана Отанымыз бар, ол - Тәуелсіз Қазақстан! 1990 жылы 25 қазан күні Республиканың Жоғары кеңесі - еліміздің Тәуелсіз мемелекет ретінде дамудың құқықтық негізін қалаған Декларацияны қабылдады. Тарихи маңызды қадам арқылы Қазақстан - дербестік пен тәуелсіздік аясында сенімнің жүгін арқалап , қарышты қадам басып келеді.
«Тәуелсіздік ел ұраным» әнін 3 сынып оқушысы Ж. Әділбай орындады.4 сынып оқушылары "толқын" биімен ортаға шықса, 8 сынып қыздары "Жайлау" биін мың бұрала орындады.
Тәуелсіздіктің тартқан сыйы: Мемлекеттік рәміздер : Ту, Елтаңба, мемлекеттік Гимн бекітіліп, Қазақстан Республикасының Ұлттық төл теңгесі айналымға түсті. Тәуелсіз мемлекетіміздің айшықты белгісіндей - Ата Заңымыз қабылданып, Қазақ тілі - Мемлекеттік тіл мәртебесін алды . Астана қаласы 1997 жылы желтоқсанның 10- нан бастап, Қазақстан Республикасының Елордасы атанды.
Бірлік, татулық, ынтымақ! Халық осы үш ұғымның қадірін жақсы біледі. Қазақстан Республикасы 130 -дан астам ұлт пен ұлыстың басын біріктіріп, ынтымағын жалғыстырып отырған - Ұлы мемлекет!
«Көк тудың желбірегені» әнімен 10 сынып оқушысылары мерекелік іс-шараны аяқтады.