№35 жалпы орта білім беретін мектебінде «Бала - болашақтың бастауы
№35 жалпы орта білім беретін мектебінде «Бала - болашақтың бастауы » тақырыбында жаңа форматта ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыс барысында ата-аналарға отбасылық тәрбиеге қатысты талқылау сұрақтары қойылып, отбасылық құндылықтарды постерге түсіріп қорғау тапсырылды. Ата -аналар өз ойларын ашық білдіріп , қоғамдағы бала тәрбиесіне қатысты өзекті мәселелер талқыланды.Сондай-ақ , құқық бұзушылықтың алдын алу , жолда жүру ережесін басты назарда ұстау тақырыптарын да назардан тыс қалдырмады.