14
сентябрь
2022
"Ахмет Байтұрсынұлы және Мәңгілік ел мұраты" атты тілдер мерекесі күніне орай"Қазақстанның болашағы- қазақ тілінде" атты пікір талас өтті.
N 35 жалпы орта білім беретін мектебінде "Ахмет Байтұрсынұлы және Мәңгілік ел мұраты" атты тілдер мерекесі күніне орай "Дебат" үйірмесінің жетекшісі Д.Сапаркулованың ұйымдастыруымен үкімет және оппозиция спикерлері өздерінің фракцияларын қорғап шықты. Пікірсайыста көтерілген қарар "Қазақстанның болашағы- қазақ тілінде". Тіл - қандай ұлтта, елде болмасын әрқашан қастерлі де құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл - әрбір елдің жаны деп түсінеміз.