«ПАРАСАТТЫ ОТБАСЫ» БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті, «Жамбыл – адалдық алаңы» жобалық офисі және Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы «Парасатты отбасы» онлайн байқауын өткізеді.

Облыстық байқауға парасатты, қоғамда белсенді, ой-өрісі кең, ізденімпаз оқушылар мен білімгерлер өз жанұясымен, сондай-ақ, байқауға облыстағы әртүрлі қызмет саласында жұмыс атқаратын отбасылар қатыса алады.

Қатысушылар әлеуметтік желілерде парасаттылық туралы ойлары және адалдықты насихаттайтын материалдарды жариялауы қажет. Оған қоса, парасаттылық, адамгершілік үлгілерін көрсететін 4-5 минуттық сапасы жоғары бейнеролик дайындаймыз!