26
февраль
2020
«Дұрыс тамақтанудың қағидалары»
[center][/center]Дұрыс тамақтанудың қағидалары
Дұрыс тамақтану үшін әрқайсымыздың аспаз болуымыз міндетті емес. Тағамның дәмді, дәмсізін ажыратудан бөлек, пайдалы не зиянын таба білу үшін орасан білімнің қажеті шамалы. Тек бірнеше қарапайым қағидаларды жаттап алсаңыз болғаны.
Бүгінгі әңгімеміз осы қағидалар турасында өрбімек.
Көбіміз таңғы ас пен кешкі асты үйден ішкенімізбен, түскі асты көбіне сырттан (асханадан) ішеміз. Қандай жағдайда да, әрқайсымыздың өз мәзірімізді біліп жүргеніміз жөн.
Күндізгі тамақтану адамның қанша күш жұмсайтынына байланысты болуы керек. Егер жұмыстың басым бөлігі түске дейінгі мерзімге түссе, таңғы ас пен түскі асқа баса мән беріңіз.
Ақуызы көп тағамдар зат алмасу үрдісін жүргізетін мүшелердің қызметін күшейтеді. Ұйқы кезінде ас ақырын қорытылады, сондықтан ұйықтар алдында тойып тамақтанбау керек. Ұйқыға жатардан үш-төрт сағат бұрын тамақтанған дұрыс.
Тәбет (ашығуды сезіну) – сау ағзаның белгісі. Бұл жерде жүйке жүйесі маңызды рөл атқарады. Ескеретін бір жайт, таза, жылы бөлмеде әдемі әзірленген тағам тәбетті ашса, лас, тұрып қалған ас-ауқат тәбетті жауып қана қоймай, ағзаға белгілі мөлшерде зиянын тигізеді.
Бір күнде адамға қандай мөлшерде тағам керек? Бұл оның жасына, жынысына, мамандығына, тұрмыстық жағдайына байланысты.
Тамақтану туралы ғылым мамандыққа қарай тамақтану тұрғысында, адамдарды мынадай топқа бөледі:
1 топ. Еңбегі аса көп физикалық күшті қажет етпейтін жұмыскерлер, яки, миға үлкен күш түсіретін қызметтермен айналысып, жұмысты бір орында отырып жасайтын қызметкерлер.
2 топ. Халыққа қызмет көрсетумен айналысатын жұмыстары аса үлкен физикалық күшті талап етпейтін қызметкерлер: байланыс саласының қызметкерлері, тігіншілер, саудагерлер т.б.
3 топ. Физикалық күшті барынша көп талап ететін жұмыстағы қызметкерлер: үй жөндеумен айналысатын қызметкерлер, қоғамдық көлік жүргізушілері, кір жуу қызметкерлері т.б.
4 топ. Үлкен физикалық күшті қажет қылатын жұмыскерлер: құрылыс жұмысшылары, шахтерлер т.б.
Жалпы алғанда күніне 4 рет тамақтанып, оның екеуінде ыстық тамақ жеуіміз керек. Қатты майлы тамақтан бас тартқанымыз жөн. Және көп тамаққа тосқауыл қою қажет.
Ағзада маңызды рөлді минералды заттар атқаратыны белгілі. Натрий, калий, фосфор, магний ағзамызға ауадай қажет болса, цинк, марганец, хром, кобальт, молибден, селен т.б. аз мөлшерде қажет. Бір элементтің ағзада біраз уақыт жетіспеушілігі ауру тудырады, сондықтан бір тамаққа байланып қалмай, мүмкіндігінше түрлі тағамдармен ауқаттанып отыруымыз керек. Микроэлементтердің біразын ағзамызға жеткізетін сүт пен бал, бұлардың құрамында Менделеев кестесіндегі біраз элементтер бар. Сондай-ақ дәрумендері мол тағамдарды мейлінше көп жеген дұрыс. Кері жағдайда адам авитаминозға шалдығады.
Ал сіздің тамақтанудағы ережеңіз қандай?