Қоғамдық - гуманитарлық бағыт бірлестігінің отырысы » СШ№35 уч.Жамбыла
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«№35 жалпы орта білім беретін мектебі»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 5-07-99
Есепші бөлімі:
+7(72632) 5-07-99
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қоғамдық - гуманитарлық бағыт бірлестігінің отырысы
08
февраль
2019

Қоғамдық - гуманитарлық бағыт бірлестігінің отырысы

№35жалпы білім беретін мектеп
2018-2019 оқу жылы




Хаттама №3

Қоғамдық -гуманитарлық әдістемелік бірлестігінің отырысы болып өтті
Қатынасқаны : 9
Қатынаспағаны :1
Күн тәртібінде:
1. «Критериалды бағалау – оқушылардың оқу жетістігін объективті бағалаудың негізі» баяндама
2. І жарты жылдықтың қорытындысы. Білім сапасының мониторингі (жетістіктер мен кемшіліктер)
3. Аудандық олимпиада қорытындысы.

Тыңдалды:

Бірінші мәселе бойынша орыс тілінің мұғалімі Қулмаханбетова Зауре Қаласқызы сөз алды. Өз сөзінде қазіргі замандағы талаптар оқушыға емес, қазіргі заман мұғалімдеріне қойылады, мұғалімдер тек «сабақ беруші» ғана емес, баланың оқу ортасын құра алатын адам. Критериалды бағалау – бұл оқушылардың білім мазмұны мен мақсаттарына сай, оқу-танымдық құзіреттілігін қалыптастыруда нақты анықталған, ұжыммен қалыптастырылған, алдын –ала оқушылардың барлығына белгілі білім жетістіктерін бағалауға негізделген үдеріс. Критериалды бағалаудың мақсаты: мектепте оқыту сапасын жоғарлату. Міндеті: жеке оқушының даму жетістігін бақылауға; оқу бағдарламасының тиімділігін саралау. Критериалды бағалау артықшылықтары: оқушының жеке басы емес, тек қана жұмысы бағаланады, бағалау алгоритмі оқушыларға алдын-ала белгілі. Оқушы нақты не мақсатта жұмыс істеп отырғанын біледі. Білім берудің сапасы артады. Критериалды бағалаудың мұғалімге де, ата-анаға да, оқушыларға тиімді жағынының бар екенін атап айтты.
Екінші мәселе бойынша пән мұғалімдері сөз алды.
Білім сапасының мониторингі
ІІ тоқсан қорытындысына талдау жасалды. Талдау нәтижесі бойынша қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 67,5, орыс тілінен 74,6, орыс әдебиетіне 78,3 ағылшын тілінен 67,5 Қазақстан тарихы пәнінен 69,1 дүние тарих 67,2 адам, қоғам, құқық 67,5 жалпы пәндер бойынша 69,3 ℅ көрсетті. Ынтасы төмен оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру, ата –аналармен қатынасып отыру керектігі тапсырылды.. Мектепішілік негізгі пәндерден олимпиадаға дайындық деңгейін бақылай отырып, сапа көрсеткіштерін жақсартуға ат салысу міндеттелді. Пәндер бойынша үлгермеуші,үлгерімі төмен шыққан оқушылармен жеке жұмыстар ұйымдастырылып,нәтижеге жұмыс істеу жүктелді.
Күн тәртібіндегі соңғы мәселе аудандық олимпиада қорытындысы бойынша бірлестік жетекшісі Олжабаева Гулсим Атишовна сөз алды. Өз сөзінде қоғамдық – гуманитарлық пәндер бойынша 7 оқушы қатысып, соның ішінде 9-сынып оқушысы Боран Назерке қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен ІІІ орын, 11-сынып оқушысы Еңсебек Елнұр құқық негіздері пәнінен ІІІ орын, 10 сынып оқушысы Мәлік Минара ІІІ орын алса, 9-сынып оқушысы Данияр Дананың ағылшын тілі пәнінен ІІ орын алғанын атап өтті. Бұл 57℅ көрсетті.





Отырыстың шешімі:
1. Баяндама қанағаттанарлық деп табылсын.
2. Жоғары сапа көрсеткен орыс тілі пәні бойынша 5,7 –сыныптар бақылауға алынсын
3. Аудандық олимпиаданың жұмыстары жандандырылсын



Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив