28
декабрь
2021
28 желтоқсан күні кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын-алу мақсатында кездесу ұйымдастырылып өткізілді.
№ 35 ЖОББМ 28 желтоқсан күні кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын-алу және болдырмау мақсатында полиция инспектроларымен бірге жоспар бойынша кездесу ұйымдастырылып өткізілді.Бірінші мәселе бойынша ДТІЖО К.Н.Кулажанова мектеп білім алушыларын, мереке күндеріне байланысты жүргізілетін жұмыстармен таныстырды. Мектеп директоры С.Касымова "Бала қауіпсіздігі басты назарда" екенін атап айтты. Мектеп инспекторы Алишев Алмастың қатысуымен кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын-алу және болдырмау, құқықтық сауаттылықты арттыру, заңсыз іс-әрекеттер жасаудан қорғау мақсатында кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта үй-жайдан тыс жерде ата-анасыз немесе заңды өкілдерінсіз жүруге болмайтындығы, жолда жүру барысында жол қауіпсіздігін сақтау, жаңа жыл мерекесінде пиротехникалық заттарды қолдануға болмайтындығын, ұсақ бұзақылық үшін қолданылатын жазалар жөнінде оқушылармен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу туралы айтып өтті. Сонымен қатар білім алушыларға ең алдымен жолда жүру ережелері туралы, мектепке ұялы телефонға тыйым салынғаны туралы, кешкі мезгілде көшеде жүрмеу, кәмелетке толмағандарға түнгі уақытты көңіл көтеру орындарына баруға тыйым салу, сондай-ақ, кәмелетке толмағандарға спирттік ішімдіктері мен темекі тұтынудан аулақ болуға шақырады.
ДТЖО К.Н.Кулажанова
[/center]
ДТЖО К.Н.Кулажанова
[/center]