26
май
2021
Құқық бұзушылықтың алдын алу.
№35 жалпы орта білім беретін мектебі 2020-2021оқу жылының аяқталуына байланысты 25-26 мамыр күндері аудандық білім бөлімі мен мектеп әкімшілігі және мобильдік топ мүшелерінің бірлескен күндізгі және түнгі рейд жұмыстары ұйымдастырылды. Рейдтің мақсаты - жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу. Кәмелетке толмаған жасөспірімдердің яғни мектеп бітіруші түлектердің түнгі уақытта көңіл көтеру орындарында, тау бөктерлерінде, түнгі мезгілде көшелерде заңды тұлғаларсыз жүрмеуіне бақылау жасалды. Рейд жүргізу барысында ешқандай кәмелетке толмаған мектеп оқушылары анықталған жоқ және тәртіп бұзушылық болған жоқ.