16
февраль
2024
Ата-ананың өнегелі тәрбиесі-баланың бақытты болуының алғы шарттары (ата-аналармен кездесу, жиналыс)
Тақырыбы: Ата-ананың өнегелі тәрбиесі-баланың бақытты болуының алғы шарттары (ата-аналармен кездесу, жиналыс)
Қатысқандар: 8-10 сынып ата-аналары
Күні: 16.02.2024 жыл
Мақсаты:
Қазіргі заманның ағымына байланысты отбасы құндылықтарын, құқықтық сауаттылықтарын қалыптастыру.
Күн тәртібінде:
1. Әке мен ананың тәрбиедегі алатын орны маңыздылығын айтып өту;ДТЖО К.Кулажанова
2. Бала тәрбиесіндегі теріс ықпал ететін факторларды айқындау, құқықтық сауаттылық, құмар ойындар, интернетке тәуелділікПсихолог Г.Абдраимова
Тыңдалды:
1. ДТЖО К.Н.Кулажанова Мини - лекция: «Отбасы және оның міндеттері»
- Құрметті ата - аналар слайдта көріп отырсыздар, бүгінгі біздің тақырыбымыз: «Ата-ананың өнегелі тәрбиесі-баланың бақытты болуының алғы шарттары», қазіргі космостық жылдамдықпен зырлап өтіп жаттқан өмірде, әр отбасы ойлауға мүмкіншілігі бар ма екен «ТӘРБИЕ», соның бірі баланы тәрбиелеу дегенге.
Құрметті ата - аналар байқап отырған шығарсыздар, неліктен мен тәрбие сөзін тек бас әріптермен жазғанымды, себебі қазақ халқының ұлы жазушысы М. Әуезовтің тәрбиелі бір әдемі де, ұлағатты сөзі бар «Тәрбие – тал бесіктен» деген. Міне, отбасы құрылды, кішкентай бір мемлекет десе де болады. Отбасы - адам баласының өсіп - өнер, қаз тұрар, қанат қағар ұясы, алтын бесігі. Сонымен бірлесе жүретін біздің өміріміздің жайы: ол туысқандық байланысымыз – ата - ана, ата - әже, балалар - ұл, қыз. Осы аталған құрметті адамдар өмірде бір - бірімен тығыз байланыста болады.
Әр отбасы мемлекеттік заңдылықтар мен ережелерді сақтайды. Сонымен қатар қазіргі заманға байланысты тіліміз бен салт - дәстүріміз қайта жаңғырған уақытта, егемендігіміз орнаған шақта, қазақ халқы, яғни өзіміз – қазақ болып үлгі ретінде қатал сақтауымызға міндеттіміз. Әрқайсымыз белгілі, отбасының міндеттері үш түрге бөлінеді:
1. Репродуктивті
2. Шаруашылық – экономикалық
3. Бос уақытты ұйымдастыру
Репродуктивті – дегеніміз ол қызмет атқару, яғни баланы дүниеге әкелу, ұрпақтың жалғас табуы.
Шаруашылық – экономикалық қызметтің мәні - әр отбасының ахуал – жағдайы.
Бос уақытты ұйымдастыру - ол ең негізгі қызметтің бірі тәрбие және бос уақытты ұйымдастыру.
2. Психолог Г.Абдраимова
- Отбасы болып құрылғаннан бастап, ата – ана өмірдің алғашқы күнінен бастап, өздерінің негізгі борышын атқаруға кіріседі. Ең басты, яғни олар – ата - ана тәрбиеші, бала тәрбиені, яғни тәрбиенің алғашқы қадамын өзінің алтын ұясынан алады. Үй болып, бала туып немесе перзент көріп дейміз, әйел болып - ана болу, осыдан ананың баланы тәрбиелеудегі рөлі басталады. Жақсы сөз, жарым ырыс дегендей ойыма бір тәрбиелік мәні бар сөз есіме түсті.Міне, ұлы сөз ешқашанда өлмейді, Абай айтқандай «Өлмейтұғын артынан сөз қалдырған» дегендей, тәрбие - тал бесіктен басталады. Қазақ халқының ата - бабаларының өшпейтін тәрбиелік нұсқа сөздері, бәрімізге қазіргі заманда оттай қажет. Құрметті ата - аналар жаңа ғана ойыннан да, біліп отырсыздар адамға баласынан жақын, баласынан артық еш нәрсе болмаған. Халық еш нәрсені де өзінің баласынан жоғары бағалаған емес. Міне, қай ата - ана болсын ең алғашқы өзінің ойын, тәтті қиялын ән етіп, өлең етіп баласына арнаған. Жас нәрестенің дүниеге келуін қуаныш еткен. Баланы жылағанда жұбату, қуанышпен ойнату, тәрбиелеу әдемі де көркем, әсерлі баланың құлағына қанығандай, есінде қалатындай өлеңмен, жырмен, ұлылардың асыл сөздерін айта отырып балаларын тәрбиелеген. Міне, қазақ халқында тәрбиенің алғашқы қадамы басталған.«Отбасының қайнар көзі - ол бақыттылығы». Егер отбасының іргесі нық болса, құрған қамалдары берік болса - аталған отбасындағы тәрбие де дұрыс болады. Бала тәрбиесі - ата - аналардың ықпалымен жүзеге асады. Ұрпақ – болашақ, адамзаттың болашағы, дұрыс тәрбие берілсе, қоғамға да, еліне де, жеріне де ол болашақтың берері де мол болады. Бұл деген аса маңызды міндеттің бірі.
Қатысушылармен жұмыс:
бала тәрбиесіндегі теріс ықпал ететін факторларды анықтау:
1. Ата - ананың ішімдікке бой алдыруы;
2. Өз беттерімен бас қосып сайрандатып, өмірін күнде тойға айналдыруы;
3. Баланы үнемі жалғыз қалдырып, әке мен шешенің өз беттерімен біріне – бірі ерегесіп балаға қарамауы;
4. Баланың демалысын дұрыс пайдаланбауы;
5. Көшеде кіммен, не бітіріп, кіммен ойнап жүр деп әке мен шешенің ойламағаны;
6. Баланың ер жетіп қалған кезде жат қылықтарын әке мен шешесінің көрмеуі, байқамауы;
7. Әке – шешенің еңбек етпей бос жүрістері, еріншектігі;
8. Кейбір әке мен шеше бала өзі өседі, өсе келе өзі үйренеді дейді деп, балаға мүлдем қарамайды;
9. Бала мен ата - ананың арасындағы түрлі жағдайлар, келіспеушілік, ұрыс - жанжал, біріне – бірінің қол жұмсауы;
10. Отбасында бала өз құқығынан айрылуы, баланың сөзіне де, өзіне де мән бермеуі;
11. Балаларын жасық етіп ұстауы; Соның салдарынан кейбір жастар селсоқ, өз пікірі жоқ, ынжық болуы осыдан;
12. Әке – шешеде ортақ мінездің болмауында, менмендіктері балаға әсер етуі;
бала тәрбиесіндегі дұрыс ықпал ететін факторлар:
1. Отбасында әке мен шешенің бір - біріне сенімділігі;
2. Балаға деген жауапкершілігі;
3. Отбасындағы үй ішіндегі жеке қарым қатынастар;
4. Әке мен шеше - үлгі ретінде балаға жарқын сеніммен сезіммен қарауы;
5. Әке мен шеше неғұрлым баланың қасында көбірек болса, баламен бірге, оның ортасымен бірлессе сода ғана бала жақсыға қарай ұмтылады;
6. Еңбек – тәрбие құралы дегендей, ата - ананың баламен жақсы қарым – қатынасы үй тірлігінде қалыптасады;
7. Ынтымақ болған отбасындағы балалар өнегелі болып өседі;
8. Отбасында жақсы дәстүр қалыптасса, ондағы өмір де мазмұнды болады. Ондағы балалар тәрбиелі болатыны анық;
Балалардың ойынға тәуелділігі (лудомания)
Бүгінгі таңда балалар мен жастар арасында компьютерлік ойындар өте танымал және көптеген адамдар үшін Бұл ойын-сауық негізгі ойын-сауыққа айналады, нәтижесінде ойыншылар виртуалды әлемге толығымен еніп, шындыққа деген қызығушылықты жоғалтады.
Балалардың ойынға тәуелділігі (лудомания) — бұл әрбір алтыншы "ойыншыға"әсер ететін ауыр психикалық бұзылыс. Ойын ойнау баланың жасына немесе жынысына байланысты емес екенін атап өту керек, бірақ сонымен бірге белгілі бір тенденция байқалады: балалардың ойынға тәуелділігі өзін-өзі бағалауы төмен, шынайы өмірде қарым-қатынаста күрделі проблемаларды бастан кешіретін балаларға көбірек әсер етеді. Сондай-ақ, жүйке жүйесінің қозғыштығы жоғары және ерік-жігері әлсіз балалар құмар ойыншыларға айналады.
Балалардың компьютерлік ойындарға тәуелділігі тәуелділіктің басқа түрлері сияқты ауыр және қауіпті, өйткені людоманияның негізі психиканың ауыр жағдайы болып табылады, бұл көбінесе тұлғаның бейімделуіне және деградациясына әкеледі. Сонымен қатар, лудомания физикалық денсаулыққа да зиян тигізеді — компьютерде үнемі отыру бас ауруы, көру қабілетінің нашарлауы, гипертония, гастрит, асқазан жарасы, әртүрлі тері аурулары сияқты психосоматикалық аурулардың дамуына әкеледі.
Баланың компьютерлік ойындарға тәуелділігін анықтауға мүмкіндік беретін белгілі бір белгілер бар:
Бала компьютерде отырған уақытты бақылауды жоғалту;
Қоғамдағы өмірге деген қызығушылықты жоғалту;
Ұқыпсыз көрініс;
Егер қандай да бір себептермен компьютерге қол жетімділік болмаса, тітіркену мен агрессия;
Мотивацияланбаған мазасыздық пен қорқыныш шабуылдары, жиі түнгі армандар.
Бұл балаларға тәуелділіктің барлық белгілері емес, бірақ олардың кем дегенде біреуі болған жағдайда, баланы лудоманиядан құтқару үшін дереу шаралар қабылдау керек. Бастапқыда сіз балаңызбен сөйлесіп, оның виртуалды ойындарға деген шамадан тыс құмарлығын талқылай аласыз, мұндай ойын-сауықтың зияны мен теріс салдары туралы айта аласыз. Егер бұл ешқандай нәтиже бермесе, сіз баланың компьютерге тәуелділігінің терең дәрежесін анықтай аласыз, бұл жағдайда маманның көмегінсіз жасай алмайсыз. Тәжірибелі психотерапевт жеке емдеу курсын әзірлейді және баланың қалыпты, салауатты өмір салтына оралуына көмектеседі.
Ұсыныс:
- Мектепте жоспар аясында ата-аналармен өткізілетін іс-шараларға ата-аналардың түгел қамтамасыз ету;- Ата-анаға баланың жауапкершілігі , тәрбиесі тек отбасына негізі қалатынын ұғындыру.- Лудомания туралы жан-жақты мағлұмат беру, телефонда ойындар көп ойнауға, жалпы баланың интернет желісінде шамадан тыс отырмауын қадағалау