24
май
2022
Меркі АПБ ЖІІҚБ бастығының орынбасарыТ.Мұратбеков,Ж.Қадірқұлов қатысуымен құқық бұзушылықтар деңгейін көтеру мақсатында кездесу өтті.
2022 жылдың 23 мамыр күні Меркі АПБ ЖІІҚБ бастығының орынбасары Т.Мұратбеков, АПБ ЖІІҚБ УПИ полиция майоры Ж.Қадірқұлов қатысуымен құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың жолын кесу ,олардың құқықтық сауаттылығын арттыру және профилактиканың деңгейін көтеру мақсатында кездесу өтті. Күн тәрбіндегі мәселе бойынша қонақтар оқушыларға кәмелетке толмағандарға қатысты баптармен таныстырды. Ауданда кәмелетке толмағандардың қатысуымен орын алған қылмыс фактілеріне тоқталып, олардың барлығы ҚР қылмыстық істер бойынша бірыңғай реестіріне тіркелгендігін айтты. Бір рет құқықбұзушылыққа қатысқан оқушы өмірлік жарқын болашағына тосқауыл жасағандығын дәлелді мысалдармен жеткізді. Сондай ақ балалардың өмір қауіпсіздігін сақтау мақсатында «Көкпар» ойынына қатысуға болмайтындығын қатаң ескертті. Ауданда полиция қызметкерлері, аудан әкімдігі мен білім бөлімінің қызметкерлерінен құралған мобильді топтар түнгі рейдке күнделікті шығып отырғандығы ескертілді. Сағат түнгі 22.00 ден кейін кәмелетке толмағандар заңды өкілінсіз көшеде жүріп-тұруына тиым салынатындығын қайталап өтті. Аталған фактілер орын алған жағдайда ҚР кәмелетке толмағандардың қылмыстық заңы баптары бойынша жауапкершілікке оқушымен қатар ата-аналары да тартылады. Жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында жолда қайғылы оқиғаларды болдырмау үшін жол ережелерін қатан сақтау керектігі ең бірінші әр баланың өзіне маңызды болу керек деді.
Мектеп директоры С.Касымова оқушыларға кездесудің мақсаты мен маңыздылығы қаншалықты терең екендігін жеткізіп, ақырын жүріп, анық басу керектігін айтты. Барлығымыз ҚР белгіленген нормалар аясында әрекет етсек өзімізге, ата-анамызға, мектепке де ұяты мен зияны тимейді. Бір рет ІІБ базасына түскен адам туралы жазба ешқашан өшпейді және үнемі алдымыздан кедергі болып шығып тұрады. Сондықтан тәртіпті, саналы азамат болып жүрейік деп кездесуді қорытындылады.