19
сентябрь
2023
Психодиагностикалық жұмыс
Кіші буынан орта буынға өткен оқушылардың орта буынға психологиялық тұрғыда бейімделуі мен пәндік бейімделуін анықтау мақсатында 5 сынып оқушыларымен «Қобалжу шкаласы» әдістемесі (Кондаштың « Әлеуметті – жағдайлы қобалжу шкаласы» бойынша) жүргізілді. Қатысқан оқушы саны: 16.Әдістемеге қатысқан оқушылар арасында мектептік қобалжу түріне 8 оқушы аса сабырлылық байқатса, өзіндік бағалаудағы қобалжу түрінен 5 оқушы «аса сабырлылық», өзгелермен қарым-қатынаста қобалжуда 3 оқушы «аса сабырлылық» танытты. Оқушылардың жалпы орта буынға өтудегі қиындықтар жоқ, әр түрлі пәндерден, әр түрлі мұғалімдердің бергендері оларға қиындықтар тудырмаған. Сыныптың жалпы орта буынға бейімделуі жақсы деңгейде.
Мектеп психологы Г.Абдраимова
Мектеп психологы Г.Абдраимова