Қамқоршылық кеңестің кезектен тыс отырысы хаттамасы №4
№35 жалпы орта білім беретін мектебі жанындағы
Қамқоршылық кеңестің отырысы
№4 хаттама (көшірме)
Талдыбұлақ ауылы 29желтоқсан2021 жыл
Отырыс өткен орын: Акт залы
Қатысқандар: Қамқоршылық кеңес төрайымы Бегалиева Ж, кеңес мүшелері, №35ЖОББМ директоры С.Касымова, директордың оқу –тәрбиесі ісі жөніндегі орынбасары И.Даниярова
Күн тәртібінде:
- 2021-2022 оқу жылында мектеп оқушыларының аудандық, облыстық әкім
шыршасына қатысуы.
- 2021-2022 оқу жылының І-жарты жылдығы бойынша оқушылардың білім сапасын қорытындылау,үйде оқитын оқушылардың әлеуметтік-тұрмыс жағдайы мен материалдық жабдықталуын тексеру бойынша есеп.
Тыңдалды:
1.№35 жалпы орта білім беретін мектебі 2021-2022 оқу жылында мектеп оқушылары «Омикрон» жұқтыру нифекциясы таралуына байланысты жаңа жыл болмайтынын айтып өтті.Сонымен қатар аз қамтылған, қамқорлықтағы отбасынан шыққан 1 оқушы аудан әкіміңнің және 1 оқушы облыс әкімінің жаңа жылдық жасыл шыршасына баратын оқушылардың тізімі жасалынып, оқушыларды қатыстырмай сыйлықтарын беріп, ата-аналарының счетына ақшалай сыйлықтарын аударып жібергенін атап айтып өтті
2.2021-2022 оқу жылының І-жарты жылдығы бойынша оқушылардың білім сапасы қорытындыланды.Тоқсан басында 166 оқушы болған,тоқсан барысында 2 оқушы (7,8 сынып) басқа мектептен ауысып келді. 7 сыныпқа 1 оқушы қабылданса, 8 сыныпқа 1 оқушы қабылданды. басқа мектепке ауысып кеткені 5 оқушы (1,6,7,8 сынып) .Кәзіргі таңда 163 оқушы.
Мектеп бойынша білім сапасы -68,67%, өткен оқу жылдың І тоқсаны 65,6%салыстырғанда 3,1% кеміді.
1 сыныпта 14 оқушы І жартыжылдықта бағаланбайды
2-4 сыныптарында 67,3%
5-9 сыныптарында 69,1%
10-11 сыныптарында 69,6%
Озат оқушылар саны 33-22%
Екпінділер саны 70-46,6 %
Озат оқушылардың ең жоғарғы саны
Сонымен мектеп бойынша жоғарғы көрсеткіші 72%-5 сыныпта (Алпысбаева Д)
Мектептің ІІ-тоқсанындағы білім сапасы 62,5%-н төмен көрсеткен сынып: 9 сыныпта білім сапасын көрсеткен.