13
февраль
2024
Шырын Мамасерикова "Өлеңімнің әр жолы-өмірбаян"кездесу
35 жалпы орта білім беретін мектебінеде қоғамда өзіндік тұлғасы қалыптастырған, есімдері жалпақ жұртқа жария болған қазақтың ерке Шырын Мамасеріковамен кездесу кеші өтті. Поэзия әлімінің биік шыңдарын өз еркіне бағындырып қияға қанат сермеген көрнекті Шырын апайымызға ұйымдастырылып отырған “Өлеңімнің әр жолы - өмірбаян” атты поэзия әлеміндегі әдеби сазды кешіміз өткізілді. “Ақынын құрметтеген ел озады, ақынын құрметтемеген ел тозады”, - демекші ақын апамыздың өмірбаянымен, ол кісінің өлеңдерімен танысып өттік. 8 сыныптың білім алушылары ақын апамыздың өмірбаянымен таныстырып өтті. 3-4 сынып білім алушылары Шырын апамыздың “Ұстаз-Ана”, “Өрен” өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Сол сияқты 5,6-7 сынып білім алушылары да апамыздың өлеңдерін оқып берді. 4-сынып білім алушысы Жақсылықбай Ерасыл қазақтың қара домбырасымен күй тартып орындар берді. 3 сынып қыздар “Гүлдер” биін орындар берді. 4 сынып білім алушылары Бегалиева Алуа мен Бейсенбек Зере әсем әндерін орындап берді.
Шырын апамыздың шығармашылығы өз бояуын жоғалтпайтын, шындықты ту ететін, тек биік шыңдарды бағындыратын туындылар екендігі қақ. Ақындығы мен азаматтығын тең ұстайтын, елдің сөзін сөйлеп, жоғын жоқтаған, дауласуға бар, жауласуға жоқ қасиеті басым ақыны екені даусыз. Осындай дарынды ақыны бар қазақ халқы шын бақытты халық деп кешімізді аяқтадық. Кітапханашы Д.Сапаркулованың ұйымдастыруымен.
#35жоббм#біртұтас_тәрбие#кітапхана#кездесу