
Сәт сапар, Жас Түлек-2025...№35 жалпы орта білім беретін мектебінде11 сынып түлектеріне арналған "Ақ жол, Жас Түлек-2025" атты аттестат тапсыру салтанатты кеші өткізілді.Еркеліктен есейіп ел үмітін ақтаған, айдары алтынмен апталған бүгінгі түлектеріміз, бүгінгі кештің жарқын жұлдыздары десек қателеспейміз. Жақсы біліммен, тағылымды тәрбиемен өскен ұл-қыздарымыз Отанымыздың қазынасы, елдің ертеңгі елеулі тірегі. Мектеп басшысы С.Касымова түлектердің құттықтап, әрқайсысы өмірден өз орындарын адаспай тауып, алған білімдерін Отанға, Қазақстанға еңбек етуге шақырды. Биыл мектебімізді 10 түлек аяқтап, 3-Алтын белгімен аяқтады. Бұл ең бірінші ұстаздардың, ата-аналардың еңбегі. Аудандық білім бөлімінің әдіскері Махамбедиева Гулнур Сайлаубаевна оқушыларға сәт сапар тілеп, жоғары белестерді бағындыруға, білім жолына түсуге шақырды.11-жыл бойы білім алған, алтын ұя мектеппен қоштасып, аттестаттарын қолдарына алып, нық алға басты...Сәт сапар, Түлектер....№35 мектебі сіздерге есігі әрдайым ашық, ұстаздардың еңбегін бағалайтындарыңызға сенімдіміз!