Қамқоршылық кеңестің кезектен тыс отырыс хаттамасы №2 » СШ№35 уч.Жамбыла
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«№35 жалпы орта білім беретін мектебі»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 5-07-99
Есепші бөлімі:
+7(72632) 5-07-99
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Қамқоршылық кеңестің кезектен тыс отырыс хаттамасы №2
08
октябрь
2021

Қамқоршылық кеңестің кезектен тыс отырыс хаттамасы №2


№35 жалпы орта білім беретін мектебі

Қамқоршылық кеңестің  отырыс

Хаттамасы№2



                                                                                                                           08.10.2021

        Талдыбұлақ ауылы                                                                                                                             

                                                                                                                          Қатысқан:11





Күн тәртібінде:


1.Мектеп директоры С.Касымова 2021-2022 оқу жылында қазан айында Қамқоршылық кеңестің мақсатында атқарылған жұмыстар бойынша есебі




Тыңдалды:



  1. Мектеп директоры: А.С.Касымова

№35 жалпы орта білім беретін мектебінің педагогикалық ұжымында  барлығы:30 мұғалім,кіші қызметкерлер:25. «Балдырған» шағын орталығында: 7педагогикалық қызметкер мен 6 кіші қызметкерлер жұмыс атқарады. Мұғалім ісі сырттай қарапайым болғанымен – тарихтағы ең ұлы істің бірі» екендігін педагог К.Д.Ушинский дәлелдеп кеткендей, ұстаз тәлім –тәрбие ісінен жалықпайтын, шығармашыл, еңбекқор, парасатты тұлға болу керек. Өйткені, баланы өзіне тарта алатындай шын тәлімгерлілігі бар адам ғана ұстаз деген атаққа ие бола алады. Сондықтан қазіргі заман мұғалімі өз пәнінен білімді ғана болып қоймай, тарихи танымы мол, балаға ата-анадан кейінгі ақыл-ой мен ұлттық сананы сіңіруші адам болуы шарт.

 Өзім ұжымда педагог қызметкерлерінің кәсіптік деңгейін арттыру мақсатындағы  жыл сайынғы  аттестаттау  комиссия мүшесі  ретінде қатысып, шығармашылық деңгейінің дамуына талдау жасауда  ұстаз мәртебесін көтеруге үлесімді қосып келемін, аттестациядан   педагогтарды  өткізу кезінде  сараптама   жасауға қатысамын. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы  27 қаңтардағы «Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы №83 бұйрығының 11 – тармағына сәйкес мектепте мұғалімдер жаңа форматта шебер- мұғалім, педагог-зерттеуші, педагог-сарапшы, педагог-модератор санаттары бойынша біліктілік тесттен өтіп, өз деңгейлерін дәлелдеді.  2020- 2021 оқу жылының маусым-қараша айларында өткен біліктілік тестілеуден   жалпысандық есеппен   педагог-зерттеуші- 4, педагог-сарапшы -5, педагог- модераторлар -7 ні көрсетеді.   Жоғарғы санатты-жоқ, І санат-жоқ, ІІ санат-2, санатсыз-11.  Бұл ұстаздарға деңгейіне сәйкес- 30, 35, 40 % үстеме жалақысы қосылып отыр деген сөз. Бұл жерде айта кететін жайт, педагог қызметкердің  жалақысы қосылып, алдыңғы өзінде бар  категориялары уақыты келгенге дейін сақталып, төленіп отырады. Сондай –ақ, біліктілік курстардан өткендігін растайтын сертификаттың болуы да мұғалімдердің жалақысын көтеруге өз ықпалын беруде. Бұл деген, ұстаз мәртебесін көтерудегі   жасалып жатқан  еңбек деп айтуға болады.     

Мектепте сапалы білім алуға барлық мүмкіндіктер жасалған. 19 оқу кабинеттері бар, олардың барлығы эстетикалық және санитарлық-гигиеналық талапқа сай. Оқушылардың пән бойынша терең және жан-жақты алу білім алу үшін 48,02 ш.м. ауданды кітапхана 15 оқушыға арналған оқу залы бар, спорт зал, 30 орындық асхана бүгінгі күнде санитарлық нормаларды сақтай отырып, аз қамтылған 6 отбасының 19 оқушысына талапқа сай тегін ыстық тамақ беріліп  жұмыс жасауда.Мектеп  ғимаратының   бір  бөлігінде «Балапан» бағдарламасымен ашылған шағын орталыққа 2018 жылы екінші топ қосылып жалпы 50 бала тәрбиеленуде. Мектеп кітапханасында жалпы кітап қоры – 5514 дана, оқулықтар саны – 3548дана, көркем-әдеби оқулықтар -1966 дана, эектрондық оқулықтар -   110 дана,  Оқушыларды толық оқулықпен қамтамасыз етіп отыр.Мектепте -  65 нетбук, 28 – компьютер, 1 –ноутбук жұмыс жасайды.

Мұғалімдердің электронды күнделік кз толтыру бойынша алдарына бір-бір компьютермен қамтамасыз етілсе, оқушылардың өмір қауіпсіздігін бақылау барысында мектепте 27 бейне бақылау орнатылды.. 

Мектебімізде жалпы білім беретін 1-4 сыныптарда 4 сынып комплектісі, 5-9 сыныптарда 5 сынып комплектісі, 10-11 сыныптарда 2 сынып комплектісі, жалпы 1-11 сыныптарда 11 сынып комплектісі бекітілді, 166 білім алушы, мектеп алды даярлық тобында: 10, Шағын орталықта:50 бала тәрбиеленуде. Өткен оқу жылында білім сапасы: 68%  көрсетті. 

Сонымен қатар «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өткізілді. Ауылдық меценаттар,демеушілер жоқ болғандықтан мектеп әкімшілігі, ұстаздар және қамқоршылық кеңес төрайымы мен бірлесіп көмек беріп отырмыз. Биылғы оқу жылында 18 оқушыға 155000 теңге көлемінде түрлі көмектер көрсетілді. Жалпы ата-аналар сұранысымен көп балалы , жартылай жетім, тұл жетім, аз қамтылған 6 отбасынан 19 білім алушыларына мектеп формасы және оқу құралдары, спорттық киімдер мен аяқ киімдер алынып берілді.Тамыз айларында бюджет тарапынан атаулы әлеуметтік көмек алатын 6 отбасының әр баласына 32500 теңгеден жаңа оқу жылына мектеп формасын алып беруге қаржылай ақша әр ата-ананың есеп шоттарына түсірілді.2020 жылдың тамызында 2220квм мектептің шатыры ауыстырылды.Сонымен қатар білім алушылардың өмір қауіпсіздігін сақтау барысында мектепте барлық жағдай жасалынған. Соның ішінде 2020 жылы қыркүйек айында ішкі әжетхана ұл мен қыздарға жасалынып сусабын қағаздарымен қамтамасыз етілген. Жыл сайынғы дәстүрлі күзгі-көктем абаттандыру жұмысында демеушілер үлесін қосып отыр. Атап айтсақ ардагер ұстаз Өмірбекова Ә тарапынан 20000 мың теңгеге күздік гүл алып отырғызылды.Күзгі аббаттандыруда 16 дана шырша егіліп кіші қызметкерлермен раушан гүлін көбейтіп өндіру жұмыстары жалғасуда.Бұл жұмыстар  бірлік пен  келісімнің, жауапкершілігі  мен ынтымағының арқасында  атқарылады. Біз алдағы уақытта да  ойға алған    барлық шаруаны  бірлесіп жүзеге  асыратын боламыз. Сөйтіп,  туып өскен   ауылымызда  көркейтуді  аянбай   қызмет етеміз .Ендеше,  алға қойған осы бір мақсат   жолында  бәріміз   бір кісідей жұмылып, нақты істерді жалғастырайық. Мектепте қамқоршылық кеңестің жұмысыда дұрыс жолға қойылды. Құрамында 9 адам.Мектептегі түрлі іс-шаралардың басы қасында болып демеушілік көрсетіп отыр. Жоғарыда  аталған   жұмыстар, мақсаттар  мен  міндеттер бір ғана  адамның жұмысы деп айта алмаймын.






Шешімі:

  1. Мектеп директоры А.С.Касымова 2021-2022 оқу жылында қазан айында қамқоршылық кеңестің мақсатында атқарылған жұмыстар бойынша есебі

қанағаттанарлық деп танылып, қамқоршылық кеңеспен бірлескен жұмыс жүргізу жандандырылсын.



Қамқоршылық кеңес төрайымы:                        Ж.Бегалиева

Хатшы:                                                                      З.Қанапиева

Қамқоршылық кеңес мүшелері:

Н.Етекбаева                                  ата-ана мүшесі

Е.Құрманқұл                                 ата-ана мүшесі

М.Наятқадаев                              ата-ана мүшесі

Р.Тұралбеков                                жеке кәсіпкер мүшесі

К.Смаилова                                   жеке кәсіпкер мүшесі 

Т.Олжабаев                                   жеке кәсіпкер мүшесі 

А.Сыдыков                                   ата-ана мүшесі




Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив