Қамқоршылық кеңес алдында мектеп инспекторының желтоқсан айының есебі
№35 жалпы білім беретін мектебіндегі
Қамқоршылық кеңестің отырыс
ХАТТАМАСЫ
30.12.2020жыл
Қатысқан:16
Күн тәртібінде:
Мектеп инспекторы А.Алишевтың 2020-2021 оқу жылында ІІ тоқсанында жоспарға сәйкес атқарған жұмысының қамқоршылық кеңесінің алдында есебі
Тыңдалды:
1.Мектеп инспекторы А.С.Алишев:
№35 ЖББМ-нің оқушылары арасында зорлық-зомбылықтың алдын алу, қылмыстың және құқықбұзушылықтың профилактикасы,және қауіпсіз аймақ және суицидтің алдын алу, жол қауіпсіздік ережелерін сақтау және пиротехникалық жарылғыш заттардың зияндығы,қауіпсіздігі тағы басқа тақырыптарда түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, жалпы оқушылармен 8 кездесулер, ата-аналармен 3 жиналыс, 2 дөңгелек үстел өткізілген.
Желтоқсан айында жоспарға сәйкес жұмыс жасау нәтижесінде «өзінің кәмелетке толмаған балаларына қатысты тәрбиелеу, оқыту және бағып-қарау міндеттерін дұрыс орындамайтын ата-ана, заңды өкіл ретінде» ата-ана анықталған жоқ. Мектептің ішкі тәртіп Ережесі және ҚР Білім және Ғылым министрлігінің №26 Бұйрығы оқушыларға дерлік таныстырылды.
«Мектепке жол»,«Мектеп», « Қамқоршылық күні» «Құқықтық тәртіп», «Борышкер» «Мектеп және отбасы» атты Республикалық, облыстық жедел алдын алу профилактикалық іс-шарасының өтуі барысында білім бөлімімен АПБ бірлесе жұмыстар атқарып, күндізгі және түнгі рейдтік іс-шаралары жүргізілді. Мектепішілік рейдтер жүргізіліп, оқушылардың ұялы телефондар, смартфондарына, қымбат, бағалы заттарына мұқият болу қажеттігі ескертіліп, 2020-2021 жылдарға араналған Ұрлыққа қарсы қылмыстың алдын алу, жолын кесу бойынша құрылған жоспарына сәйкес, түсіндірме жұмыстары жүргізілген.
Сондайақ, рейд барысында: түнгі мезгілде ата-анасының ертуінсіз тұрғын үйден тыс жерде жүрген өзге мектеп оқушылары анықталып, ата-аналарына ҚР ӘҚБтК-нің 442 бабы 2 және 3 бөлімдерімен әкімшілік хаттама толтырылған.Меркі АПБ-не бақылауға алынып, профилактикалық әңгіме жүргізілуде.
Қылмыстық құқықбұзушылық 2020-2021 оқу жылында №35 ЖББМ-де орын алмаған. Жаңа 2020-2021 оқу жылына №35 жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында құқықтық тәрбие жұмыстарын жаксарту, қылмыстың алдын алу және оны болдырмау мақсатында мектепке бекітілген полиция қызметін үйлестіру жөніндегі бірлескен жоспар құрылып, жоспарға сәйкес, жұмыстар атқарылуда.Меркі АПБ-не профилактикалық бақылау есебіне «Жайсыз отбасы» анықталмаған.
Қаулы етеді:
- 2020-2021 оқу жылында ІІ тоқсанында жоспарға сәйкес атқарған жұмыстары бойынша есебі қанағаттанарлық деп танылып, жүмысы одан әрі жандандырылсын.
Қамқоршылық кеңес төрайымы: Ж.Бегалиева
Хатшы: З.Қанапиева
Қамқоршылық кеңес мүшелері:
Н.Етекбаева /ата-ана/ мүшесі
Е.Құрманқұл / ата-ана/ мүшесі
М.Наятқадаев /кітапханашы/ мүшесі
Р.Тұралбеков /жеке кәсіпкер/ мүшесі
К.Смаилова /жеке кәсіпкер/ мүшесі
Т.Олжабаев /ата-ана/ мүшесі
А.Сыдыков. /ата-ана/ мүшесі
[center]