Қамқоршылық кеңес хабарландыру
«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемелекеттік мекемесі (Бұдан әрі – білім бөлімі) «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізілуіне байланысты білім бөліміне қарасты мектепке дейінгі, жалпы орта және қосымша білім беру ұйымындарында (Бұдан әрі – білім беру ұймдары) Қамқоршылық кеңестің мүшелігіне үміткерлердің құжаттарын қабылдау жүргізеді.
Қамқоршылық кеңес білім беру ұйымдарының дамуына ықпал ететін және қызметіне қоғамдық бақылауды қамтамасыз ететін алқалы басқару орган ретінде өз қызметін мына қағидаттар негізінде жүзеге асырады:
2) оның мүшелерінің өтеусіз негіздегі қызметі;
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
2) үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) қазақ немесе орыс тілдеріндегі түйіндеме;
4) білімі бар екендігі туралы құжаттың көшірмесі (бар болса);
Үміткерлер өздерінің кәсіби (немесе) қоғамдық қызметі туралы қосымша мәліметтер ұсынуларына жол беріледі.
Лауазымдық айлықақы мөлшері – белгіленбеген.
Қамқоршылық кеңес мүшелігіне үміткерлерді ата-аналар жұртшылығының жалпы жиналысында іріктеуден өткен білім беру ұйымы ұсынады.
Конкурс келесі кезеңдерді қамтиды:
1) конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдардан құжаттарды қабылдау;
2) іріктеуден өткен үміткерлердің құжаттарын білім бөліміне ұсыну;
3) үміткерлердің ұсынылған құжаттарын білім бөлімінде құрылған комиссиясында қарау;
4) комиссияның хаттамалық шешім.
Үміткер конкурсқа қатысу туралы өтініштерін 2023 жылдың қыркүйек айының 7-26 күндері аралығында білім бөліміне қарасты білім беру ұйымындарында сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін, үзіліс 13.00.-14.30. аралықта ұсыну тиіс.
Конкурс өткізілетін орын: Талдыбұлақ ауылы, Жамбыл к. №5