14
декабрь
2021
"Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер қатарының салтанатты қабылдау жиыны болып өтті.
"Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер қатарының салтанатты қабылдау жиыны
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында 2021 жылдың 10 желтоқсанында аудандық білім алушылардың "Үміт" сарайында "Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер қатарының салтанатты қабылдау жиыны болып өтті.
Білімге құштар, ұлттық және азаматтық құндылықтарымызды қастерлей білетін жас жеткіншектерді, отансүйгіш, еліміздің нағыз елжанды еңбекқұмар ұрпағын тәрбиелеу мақсатында бірыңғай "Жас Ұлан" қатарына N35 жалпы орта білім беретін мектебінің 5 сынып білім алушысы Тулебай Марғұлан салтанатты қабылданды. Жиында аудан әкімінің орынбасары Бегалиев Берік Дүйсебайұлы мен ауданның білім бөлімінің басшысы Алтынбаева Айгерім Аханқызы жас жеткіншектерге ізгі тілектерін білдіріп, аға тәлімгерлер мен білім алушыларды мақтау қағазымен марапаттады.