07
сентябрь
2021
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Сау бол-жүз жаса!» ұранымен «Денсаулық» фестивалі өтті.
№35 жалпы орта білім беретін тірек мектебінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Сау бол-жүз жаса!» ұранымен «Денсаулық» фестивалі өтті. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары К.Н.Кулажанова оқушыларды спорттық шаралармен таныстырып, барлығына сәттілік тіледі. Фестивалдің басты мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, азаматтарды спортпен шұғылдануға және зиянды әдеттерден бас тартуға шақыру. «Біз — спортты таңдаймыз» деген қатысушылар тобы арнайы спорттық киім киіп, ерекше көңіл-күймен қатысты. Фестивальге қатысушылар 4 қадам бойынша 1-4 сынып, 5-8 сынып және 9-11 сынып білім алушылары түрлі жаттығулар жасады.Нәтижесінде фестиваль қорытындысы бойынша жеңімпаздар дипломдармен марапатталды
ДТІЖО К.Н.Кулажанова
ДТІЖО К.Н.Кулажанова