18
март
2021
Ақкөз Қосанұлы атындағы 18 жалпы орта білім беретін тірек мектебі базасында аймақтық "Сырласайық,жеңеше" байқауы өтті.
Ағымдағы жылдың наурыз айының 13 күні Тәуелсіздіктің 30 жылдығына және Ұлыстың ұлы күні 22-наурыз мерекесіне орай Ақкөз Қосанұлы атындағы 18 жалпы орта білім беретін тірек мектебі базасында аймақтық "Сырласайық,жеңеше" байқауы өтті. Қазақ халқының мәдени мұрасын, ұлттық салт-сананы, қазақ қоғамында ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлер мен құндылықтарға негізделген отбасы мәртебесін нығайтуды мақсат еткен сайысты Меркі аудандық білім бөлімі ұйымдастырды. Сайысқа #35 жалпы орта білім беретін мектебінен 11 -сынып оқушысы Базарбай Айман , жеңгесі Шыныбаева Сымбат , 10 сынып оқушысы Абдезим Толқын Болатқызы,жеңгесі
Алпысбаева Динара Жумагалиевна қатысты. Алдымен қатысушылар «Татулықтың паш етеміз үлгісін» кезеңі бойынша өздерін, жанұядағы берекелі дәстүрді таныстырса, «Салт -дәстүрді білесің бе? » кезеңінде жеңге мен қайын сіңлі бірлесе салт-дәстүр, әдет-ғұрып жайында қойылған сұрақтарға жауап берді. "Шебердің -қолы ортақ" кезеңінде ерке қыздың тәтті қылығы мен жеңгенің сабырлылық пен ұстамдылыққа шақыруы сахнада өзара үйлесім тапты. Наурыз мерекесімен тұспа-тұс өткен шарада сырлас жандар бірге әндетіп ,мың бұрала билеп өнер көрсетті.
Сырлы жеңге, ару қыздардың өнерін таразылап, ептілігі мен икемділігін әділ-қазы алқалары аудандық білім бөлімінің әдіскері Раптаева Сәуле Мұратбекқызы, аудандық "Аналар" мектебінің төрайымы Боранқулова Әсем Адилбаевна, аудандық ата-аналар комитетінің төрайымы Әбдрешова Манат Смайыловна таразылап,төрелігін айтты.
Байқау соңында аудандық білім бөлімінің әдіскері Раптаева Сәуле Мұратбекқызы сайысты қорытындылап:- Бүгінгі біздің мақсатымыз қазақтың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын одан әрі жалғастыру. Жеңге мен қыздың арасында жақсы қарым-қатынас, басқа адамға айтылмайтын жақсы сырластық болған. Осы ата дәстүрімізді ұл-қыздарымыз келесі ұрпаққа жеткізуі керек. Бүгінгі шарада қайын сіңлі мен жеңгенің жарасымын қатысушыларымыз жақсы көрсетті. Лайым осы үйлесімділік басқаларға үлгі болсын деген тілегіміз бар-деген игі тілекпен аяқтады.Әділ-қазы алқалары қатысушыларды марапаттап,арнайы дипломдар табыстады.