17
март
2021
"Тұрақтылықты тұғыр еткен Төле би" тақырыбында адалдық сағаты өтті
№35 ЖОББМ оқушылары сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комитетінің ұйымдастыруымен өткізілген кезекті адалдық сағатын 4-11 сынып білімалушылары көрді. "Тұрақтылықты тұғыр еткен Төле би" тақырыбында өткен сабақта төбе би- Төле бидің ғибратты ғұмыры, өсиеті туралы айтылды. Төле бидің "Тура биде туыс жоқ, туғанды биде иман жоқ" деген өмірлік ұстанымы оның парасаттылығы мен адалдығы, әділдігіне дәлелі болып табылады. Төле бидің кез келген дауда қара қылды қақ жаратын әділдігі, кез келген дауды тура шешетіндігі оның бойындағы рухани құндылықтардың қаншалықты жоғары екендігінің дәлелі болып табылады.
"Тұрақтылықты тұғыр еткен Төле би" тақырыбында адалдық сағаты өтті
"Тұрақтылықты тұғыр еткен Төле би" тақырыбында адалдық сағаты өтті