30
октябрь
2020
Оқу процесінде санитарлық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып 1-11
№35 ЖББМ 2020-2021 оқу жылында мектебімізде коронавирустық инфекциян таралуына жол бермеуге байланысты карантиндік шаралар жағдайында барлық алдын алу шаралары жасалуда. Оқу процесі санитарлық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, дәстүрлі форматта жүргізіліп отыр. Сыныптарда сабақтың ұзақтығы 40 минуттан. Сабақтар арасындағы үзілістер әр сыныпқа әр түрлі уақытта беріледі. Әрбір екінші сабақтан кейін кабинеттерде және әр үзілістен кейін, ауысымдар арасында, дәліздерде, холлдарда ылғалды тазарту жұмыстары жүргізіліп отыр. Мектеп асханасының қызметі уақытша тоқтатылды. Мектебіміз зарарсыздандыруға арналған құралдармен, аяқ киімді зарарсыздандыруға арналған кілемшелермен, санитайзерлармен қамтамасыз етілді.