05
сентябрь
2024
«Тілім менің - ғасырларға аманат»
№ 35 жалпы білім беретін мектебінде 05.09.2024 жылы «Тілім менің - ғасырларға аманат» атты тіл мерекесінің ашылу салтанаты өтті. Тәуелсіз еліміз үшін тіл мерекесінің маңызы жоғары. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» демекші, біздің ана тіліміз – атадан-балаға мирас боп жеткен асыл қазынамыз. Мерекелік іс –шарада қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері әркім өз тілінде тіл туралы өлең шумақтарын мәнерлеп оқыды . Іс-шараға қатысқан білім алушылар қазақ тілі, орыс тіл, ағылшын тілінде өлең шумақтарын мәнерлеп оқып, би биледі, ән айтты. Қоғамдық- гуманитарлық бірлестігінің жетекшісі Г. А. Олжбаева тіл мерекесінің жоспармен таныстырып өтті.
Тіл апталығында жоспарға сәйкес 2-11 сынып жетекшілері тәрбие сағаттарын өткізді.
«Балдырған» шағын орталық тәрбиешілері «Тілім менің тірлігімнің айғағы» атты ертеңгілік өткізді. «Балдырған» шағын орталықтың бүлдіршіндері тіл мерекесіне арналған өлең шумақтарын жатқа оқып берді.
«Тіл - татулық тірегі» атты 2-11 сыныптар аралығында тәрбие сағаттары өткізілді.
«Балалар әдебиетінің бәйтерегі» Б.Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай әдеби кешті қазақ тіл мұғалімдері өткізді. Кеште жазушының өмір жолы, шығармашылық жолынан видео көрсетіліп, «Менің атым Қожа» фильмінен үзінді көрсетілді. «Менің атым Қожа» повесть желісі бойынша 5-6 сынып оқушылары қойылым қойды. 7-сынып оқушылары Б. Соқпақбаевқа арнау өлең оқыды.
«Тіл мәртебесі – ел мерейі» тақырыбында 9-10 сыныптар арасында ағылшын тілінде жарыс сабақ өткізілді. Нәтижесінде 10 сыныптың білім алушылары 1 орынға иеленді.
Мектеп кітапханасында тіл мерекесіне арнай «Туған тілім - тұғырым» атты көрме ұйымдастырылды.
Тіл – ұлттың тарихи жетістігі. Әр тіл өз бойында ұлт тарихын, дәстүрін, мінезін сақтайды.