10
январь
2020
1 қыркүйек –Білім күніне арналған «Саналы ұрпақ-жарқын болашақ» салтанатты мерекелік жиынына арналған іс- шаралар
Меркі ауданы Әкімдігінің білім бөліміне
№35 жалпы білім беретін мектептің
2019-2020 оқу жылындағы 1 қыркүйек-
Білім күніне арналған салтанатты мерекелік
жиынның өткізілуі туралы
ХАБАРЛАМА
29 тамыз күні 1 қыркүйек –Білім күніне арналған «Саналы ұрпақ-жарқын болашақ» салтанатты мерекелік жиынына арналған іс- шаралар жоспары құрылып, мектеп директорының мөрімен бекітілді. 1 қыркүйек –Білім күні «Саналы ұрпақ-жарқын болашақ» тақырыбында өткізілді.
1 қыркүйек күні мектептің алдыңғы алаңы мереке тақырыбына сай әсем безендірілді. Қызыл- жасыл шарлар мен жалаушалар және қанатты сөздер талапқа сай орналастырылды. «Алғашқы қоңырау» салтанатты мерекесіне 163 оқушы, 11 сынып жетекші, арнайы шақырылған қонақтар қатысты.
Алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Есіркепов М.Ж. мектеп алдында сағат 9.00-де оқушыларды сапқа тұрғызып, мектеп директоры Касымова Сауле Асанқызына мектептің оқушыларының салтанатты мерекелік жиынға дайын екендігі туралы рапорт берді.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалды.
Салтанатты мерекеге зейнеттегі ұстаздар, Кұлажанов Н.Қ.,Жапаркулова Б.Т.,Өмірбекова А. ата –аналар комитетінің төрайымы Жұмағұлова Эльмира арнайы шақырылып , оқушыларға өз тілектерін, өсиеттерін айтып жаңа оқу жылымен құттықтады.
Салтанатты жиын барысында мектеп оқушылары патриоттық әндер айтып, би билеп өнерлерін ортаға салды.
Сондай-ақ 1 сынып жетекшісі Наушабаева А.Т.мектеп табалдырығын жаңадан аттағалы отырған оқушылары мен 1 қыркүйек -Білім күніне арналған ертеңгілігін өткізді. 1 сынып оқушылары өздерінің жаттаған өлеңдерін,әндерін ,билерін, жалпы барлық өнерлерін көрсетіп мерекені қызықтыра түсті.
Сонымен қатар алғашқы қоңырау соғу сәті болып ел қуанышына бөленді. Салтанатты жиын кезінде келеңсіз жағдайлар орын алған жоқ. Салтанатты мерекелік жиын жоспарға сәйкес өткізілді.
Мектеп директоры: С.А.Касымова
Орын.:ДТЖО К.Н.Кулажанова
Тел:87471929474