Бала қауіпсіздігі
Қатысқандар: Мектеп директоры - С.Касымова
ДТЖО К.Н.Кулажанова
АІІБ ЖПҚб УПИ ның полиция аға лейтенанты Далиев Жансерік Хасанұлы
Күн тәртібінде: Бала қауіпсіздігі, кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылық, буллинг , кибербуллинг, жол ережесі, ұрлық, қорқытып алушылық, бопсалау, күндізгі және түнгі рейдттер туралы
Тыңдалды:
1. №35 жалпы білім беретін мектебі директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары К.Н.Кулажанова
-8-10 сынып білім алушыларын мектептің ішкі тәртібімен таныстыра отырып , құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша түрлі іс-шаралар өткізіліп, ай сайын психолог тарапынан жасырын сауалнама (бопсалау) алу жоспарланған.Ұлдармен жұмыс мектеп АӘТД пәні мұғалімі А.Жумагуловқа жүктелген.
.
2. АІІБ ЖПҚб УПИ ның полиция аға лейтенанты Далиев Жансерік Хасанұлы :
- Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылық, жол ережесі, ұрлық, қорқытып алушылық, бопсалау, күндізгі және түнгі рейдттер туралы.Буллинг, кибербуллинг, қорқытып алушылық, яғни күш қолдану не бөттенің мүлкін жою немесе бүлдіру қатерін төндіріп, сол сияқты жәбірленуші немесе оның жақындарын масқаралайтын мәліметтерді немесе жариялануы жәбірленушінің немесе оның жақындарының мүдделеріне елеулі зиян келтіруі мүмкін өзге де мәліметтерді тарату қатерін төндіріп бөтеннің мүлкін немесе мүлікке құқықты беруді немесе мүліктік сипаттағы басқа да әрекеттер жасауды талап ету ҚР Қылмыстық Кодексі 194-бап жазылған.
Бір бірінен ақша жинау бұл аса ауыр қылмыс. Ұлдар арасында алдын алу жұмыстары жүргізіліп, ай сайын түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.