09
июнь
2023
“Балауса бағым, шаттық пен қуаныш ордасы” атты соңғы қоңырау
N 35 жалпы орта білім беретін мектебінде 1-маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне орай тұспа-тұс келген “Балауса бағым, шаттық пен қуаныш ордасы” атты соңғы қоңырау салтанатты жиын өтті. Бұл үн білім кемесі - мектеп қабырғасынан шыққан әрбір адамның құлағына таныс, жүрегіне жақын. Алғашқы қоңырау - балалық арманыңды жетелеп, білім алып, мақсатыңды айқындауға шықырса, соңғы қоңырау үні-кәмелетке толып, оң-солын танып, қанаттанған бозбала мен бойжеткендерді арман биіктеріне ұшырып, ең үлкен өмір мектебіне шығарып салады. Соңғы қоңырау - осындай қимас қоштасу әуені сәтімен ыстық. 11 сынып білім алушыларының соңғы мектеп қабырғасынан ұшқалы тұрған сәті.