27
январь
2023
"Ұрпақ тәрбиесі -Ұлт болашағы" ардагерлермен кездесу
N35 жалпы орта білім беретін мектебінде "Ұрпақ тарбиесі-Ұлт болашағы" такырыбында ардагерлер кеңесімен кездесу өтті. Кездесуге Меркі ауданының еңбек ардагері мен өңір шаруашылығын дамыту бағытында еңбек еткен ардагерлер Жәнібеков Н.А.,Жұматаев М.,Тіріболсынов Е.,Жылысбаев Б., Талдыбұлақ ауылының ақсақалдар кеңесінің төрағасы Наятқадаев М.,еңбек ардагерлері Ә.Өмірбекова,Ж.Байшығашев,қамқоршылық кеңесінің төрайымы Бегалиева Ж. қатысты . Кездесу іс-шарасы патриоттық ән әуенімен басталып,ДТІЖО Қ.Н.Қулажанова тақырыппен ,кездесу мақсатымен, келген қонақтармен таныстырып , жүргізушілер,кәсіптік бағдарлаушылар Ж.Танекеева мен Н.Исабаеваға сөз кезегін берді.Мектеп директоры Касымова Сауле Асанқызы іс-шараның маңыздылығын,білім ошағында жас ұрпақ бойыңда патриотизм рухын қалыптастыру бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстардың берері мол екенін айтып өтті.9сынып оқушылары Г.Бейсенбек пен А.Жұман ардагерлерге арналған өлең шумақтарын оқыды.
Іс-шараға келген қонақтар білім алушыларға өмірлік тәжірибелерінен түйген құнды ойларымен бөлісіп, еңбек жолдарын әңгіме етті.Еңбек ету жолында мамандықтан шатаспай, еңбегін елі үшін жасаған азаматтың болашағы жарқын екенін де сөзге тиек етті.Тәуелсіздігімізді алып, өркениеттілікке құлаш сермеген бүгінгі таңда адамгершілігі мол, сапалы да сауатты ұрпақ тәрбиелеуде халықтық тәрбиенің берері мол.Қазіргі таңда ұлттық тәрбиеге айрықша мән беріп,жастарымызды ұлтын сүйетін патриот,рухы биік,парасатты азамат етіп тәрбиелеу парызымыз екені даусыз.