30
апрель
2022
"1 мамыр - Бірлік пен ынтымақ күні" іс- шарасы ұйымдастырылып өткізілді.
№35 жалпы орта білім беретін мектебінде ағымдағы 2022жылдың сәуір айының 29 күні 1-8 сынып білім алушыларымен "1 мамыр - Бірлік пен ынтымақ күні" іс- шарасы ұйымдастырылып өткізілді.
Мақсаты: 1 - мамыр Қазақстан халықтар бірлігі күні екенін оқушыларға жеткізу; Ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
Біздің елімізде тұрып жатқан басқа да халықтардың озық мәдениетін, өзіндік үлгі - өнегесін оқушылардың бойына сіңіру. «Бірлік бар жерде тірлік бар» дейді халқымыз. Бұл сөз тек айтылмаса керек. Ауызбірлік пен түсіністік қарапайым сыйластық үстемдік құрған жерлерге қашанда нәтижелі істердің үйір болатыны белгілі. Біздің елімізде қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз өркендеп, ілгері басып келеді.
Егемен ел бесігі жыл өткен сайын еңсесін биіктетіп келеді.Сондай-ақ
Қазақстанда жүзден аса ұлттар мен ұлыстар тұрады. Олардың барлығы дерлік еліміздің ашық аспаны мен көкшіл туының астында бейбіт өмір кешіп жатыр.1-мамыр Халықтар бірлігі күні құтты болсын! Бейбітшілік жасасын!