Қамқоршылық хаттамасы » СШ№35 уч.Жамбыла
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«№35 жалпы орта білім беретін мектебі»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 5-07-99
Есепші бөлімі:
+7(72632) 5-07-99
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қамқоршылық хаттамасы
20
май
2019

Қамқоршылық хаттамасы

2018-2019 оқу жылы №35 жалпы білім беретін мектебіндегі Қамқоршылық кеңестің кезектен тыс отырыс
ХАТТАМАСЫ
20.05.2019 ж.
Қатысқаны:18

Күн тәртібінде:

1.Мектеп директорының 2018-2019 оқу жылы бойынша оқыту және тәрбие жұмысының жылдық қорытынды есебі.
2.Мектеп инспекторының балалар мен жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша атқарылған жұмыстардың есебі
3.Жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған, аз қамтылған және көп балалы отбасыларынан шыққан оқушыларды қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьде жаздық демалыспен қамту.
4. Eduschool .kz.жүйесінде электронды форматта 1 сыныпқа және лагерьге қабылдау мәселесі.
5.2018-2019 оқу жылының түлектерінің мектеп бітіруіне байланысты 2019 жылы 12 маусымда мектеп бітірушілерге жалпы орта білім туралы аттестатын тапсыру іс-шарасының ұйымдастырылып өтуі.
6.11 сынып оқушыларының ҰБТ-ға психологиялық дайындығы.
7.Оқушылардың жазғы демалыс мезгіліндегі өмір қауіпсіздігін сақтауда ата-аналардың жауапкершіліктерін арттыру.

Тыңдалды:
1.Мектеп директоры С.А.Касымова сөз алды:
- Қазіргі таңда үздіксіз білім беру жүйесінде білім беруді дамыту, дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында елімізде білім берудің жаңа жүйесі құрылып жатыр. Білім беруді дамыту негізінде жалпы оқыту үрдісіне жүктеліп отырған жаңаша талап, міндеттер мектеп мұғалімдеріне қойылуда. Сондықтан оқытушы іс-әрекетін жаңа талап тұрғысынан ұйымдастыру – бүгінгі күннің өзекті мәселесі- екендігіне тоқтала келе, мектептің оқу тәрбие жұмысының тақырыбы мен мақсат, міндеттері мен таныстырды. Сонымен қатар педагогтардың сапалық құрамын, курстан өту деңгейін, мектептегі білім сапасына тоқталды. Аудандық білім бөлімімен бекітілген штат бірлігі кестесіне сай техқызметкерлері төмендегі құрамда еңбек ететіндігін кесте арқылы көрсетті. Мекеме басшысы өз сөзінде қазіргі таңда мектепте 169 оқушы барын, оның ішінде көп балаы отбасынан шыққан -24 бала оқитытын айтты. Мектепте жайсыз отбасы жоқ, аз қамсыздандырылған отбасы оқушысы–16 , сонымен қатар өгей әкемен-1 оқушы, өгей шешемен тұратын оқушы жоқ, - екендігін айтты. Сонымен қатар мектепте оқушыларды адалдыққа, әділдікке тәрбиелеу мақсатында «Адалдық» дүкені аптаның әр жұма күндері жүргізіліп отыратынын, «Қамқорлық» акциясы аясында мектепте аз қамтылған және көп балалы отбасынан шыққан оқушыларға мектепке қажетті оқу құралдарымен және басқада қажетті заттармен қамтамасыз етілгендігін айтты. Мектеп алдына мектеп демеушісі С.Айдосов көгірштендіру айлығында гүл отырғызуға қаржылай көмек берді.
2.Мектеп инспекторы А.С.Алишев сөз алды:
№35 жалпы білім беретін мектебінде оқушылар арасында құқық тәрбие жұмысын жақсарту, қылмыстың алдын алу, болдырмау және білім беру мекемелерінде 2019 жылдың наурыз, мамыр айлары аралығында көптеген іс-шаралар атқарылды. Мектепке баратын кесте жасалып, бекітілген. Кестеге сәйкес, жұмыс жоспары құрылып профилактикалық жұмыстар жүргізіліп келеді.
№35 ЖББМ діни бағытта тәрбиеленетін оқушылар жоқ.
Аз қамтылған отбасы оқушылары-16.
Өгей әкемен тұратын оқушылар -1.
Өгей анамен тұратын оқушылар жоқ.
Қамқорлыққа алынған отбасы оқушысы-1.
Толық емес отбасы оқушылары -3.
Аудандық және мектеп ішілік есепте тұрған оқушылар-1.
Өзге ұлт өкілдері-1.
Жоспарланған жоспар бойынша оқушылар арасында құқықбұзушылықпен қылмыстың алдын алу бойынша профилактикалық және құқықтық жұмыстар жүргізу,құқықбұзушылықтың алдын алу кеңесімен айына 1 рет құзыреттілігі шегінде мәселелерді қарау отырыстары болуда. Оқушылардың сабақтан тыс уақытта үйірме жүмыстарына тартылуы да басты назарда.
Оқушылардың түнгі және күндізгі мезгілде бейбірекет жүруіне байланысты «Түнгі ауылдағы балалар», «Көше» және «Бос тұрған парта» тақырыбында тұрақты түрде рейдтер ұйымдастырылып отыр. Атап айтатын болсақ 1,7 және 9 мамыр мереке күндері, 10,11,12 демалыс күндері №35 ЖББМ рейд мүшелері, ДТІЖО К.Н.Кулажанова және мектеп инспекторы тарапынан аудан кафелері мен мейрамханалар, тойханалар араланып рейд жүргізілді. Рейд барысында түнгі мезгізде көшеде беймезгіл жүрген мектеп оқушылары болған жоқ.
Мектепте сәуір айында «Жасөспірім-Заң-Қауіпсіздік» тақырыбында акция ұйымдастырылып 5-11 сыныптар арасында дәріс оқытылды.
5-8 сыныптар арасында «Заңды білде құрметте» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.14.02.2019 жылы «Бөтен адамдар мен қарым-қатынас ережелері» тақырыбында 5 -11 сыныптарға Г.Абдраимова әңгіме жүргізді.
ІІ тоқсан бойынша осындай жұмыстар атқарылып, жұмыстар жандандырылуда.
Сонымен қатар «Баланың қауіпсіздігінің ережелері» тақырыбында парақшалар әзірленді. Мектепте өмірлік қиын жағдайға тап болған оқушылар жоқ.
Балалардың есірткі құралдарын тарату мен пайдалануға қатысу деректерін алдын алу және жолын кесі мақсатында «Темекі шегу әлеуметтік дерт» тақырыбында 5-8 сынып оқушыларына дәріс оқылды. Мектепте мамыр айында «Су қауіпсіздігі» тақырыбында оқушыларды көктемгі судың көбеюіне байланысты қауіпсіздік шараларымен таныстыру мақсатында 5-11 сыныптар арасында дәріс оқытылды.
5-8 сыныптар арасында «Заңды білде құрметте» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
3.Жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған, аз қамтылған және көп балалы отбасыларынан шыққан оқушыларды қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьде жаздық демалыспен қамту туралы ДТІЖО К.Н.Кулажанова:
- Жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған, аз қамтылған және көп балалы отбасыларынан шыққан оқушыларды қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьде жаздық демалыспен 100% қамтылып отыр.Аз қамтылған, көп балалы 1-7 сыныптың 12 оқушысы бюджет тарапынан тегін ыстық тамақпен қамтылса, аз қамтылған және көп балалы 6 оқушы қала сыртына демалуға барады.
4. Eduschool .kz.жүйесінде электронды форматта 1 сыныпқа және лагерьге қабылдау мәселесі бойынша ДАІЖО Ұ.Жекебаев өз сөзінде:
-1-10 сынып аралығы бұл жүйеге толық енгізіледі.Құжаттарды жинақтау сынып жетекшілерге жүктелсін.Лагерьге құжаттар жинақталу 26.05.2019 жылы аяқталуы тиіс.1 сынып 1 тамыздан бастайды.
5. Мектеп директоры С.А.Қасымова сөз алды. Өз сөзінде Меркі ауданы әкімдігінің білім бөлімі,Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2019 жылғы 25 сәуірдегі №5-11-4/ 1492-И хатына және жалпы орта білім беретін ұйымдарда « Болашақ-жастардікі» тақырыбында мектеп іс-шарасын өткізу Тұжырымдамасын әрі қарай жұмыс жүргізу үшін жолдаған хатымен таныстырды.11 сынып түлектеріне бітіру құжаттарын ұйымдасқан түрде 12 маусымда 10.00-12.00 де өткізілетіндігін, сондай-ақ, оқу жылын аяқтау жөніндегі іс-шараларды өткізу барысында балалардың өмірімен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін педагогтар,ата-аналар,құқық қорғау органдары мен өртке қарсы қызмет көрсету арасынан тұрақты кезекшілік ұйымдастыру бақылауға алынуын тапсырып отыр. Оқу жылының аяқталуына байланысты мектеп бітіру кештерін мейрамханаларда,кафелерде, және басқа да ойын-сауық мекемелерінде өткізуге,сол мақсатта мектепке,директорға, мұғалімдерге сыйлық алу үшін ақша жинауға үзілді- кесілді тыйым салынатындығын ерекше ескертіп айтқан деп таныстырды хатта.
6.11 сынып оқушыларының ҰБТ-ға психологиялық дайындығы туралы мектеп педагог психологі Б.Сәдірмек:
-2018-2019 оқу жылында №35 жалпы білім беретін мектебінің ҰБТ тапсырушы 11 - сынып оқушыларымен бойындағы стрестік қалыптан арылту, сенімді мінез - құлық дамыту мақсатында «Сенімділік» тренингі жүргізілді.Тренинг нәтижесінде оқушылар психологиялық қысымнан арылды.

ҰБТ-ға қатысушы оқушылармен фобия , фрустрациялық күйдің алдын алу мақсатында «Өзіңе деген махаббат , өмірге деген махаббат» атты семинар – тренингі жүргізілді.Тренинг нәтижесінде оқушылар арасында бір-бірімен мейірімділік және қамқорлық қатынас қалыптасты.11 – сынып оқушыларына ҰБТ-ға дайындалу мақсатында «ҰБТ-ға сеніммен барайық» тақырыбында тренинг жаттығуы мен кеңес беру ұйымдастырылды.
Нәтижесінде оқушылардың бойындағы қобалжу, мазасыздану, қорқыныш сезімдерін жойылып,бойындағы сенімділіктері артып және жағымды көңіл – күй қалыптасты.«ҰБТ – алынбас асу емес»тақырыбында оқушылармен дөңгелек үстел өткізілді.Өткізілген дөңгелек үстел нәтижесінде біріңғай мемлекеттік емтиханға дайындық кезіндегі стратегия мен өзін-өзі тексеру, өзін-өзі бақылау дағдысына оқыту, өз күшіне сенімін жоғарылату, қобалжу сезімдерімен күресе білуге үйренді.Сонымен қатар оқушылар стреске қарсы шығуды,сенімді мінез-құлық дағдысын қалыптастырып үйренді.
Қамқоршылық кеңесі төрайымы Ж.Бегалиева:
-Мектепте атқарылған іс-шараларға оң бағасын берді. Сонымен қатар мектептегі кез келген іс-шараларға қамқоршылық кеңесі мүшелері тарапынан қолдау көрсетіліп отыратындығын жеткізді. Мектеп инспекторы А.Алишевтің есебін қанағаттанарлық деп есептеп, мектепте оқушылардың тәртібі бірінші кезекте тұратындығын, балаларды үйден ата-ана, мектепте мұғалімдер сынып жетекшілер болып бірлесе отырып тәрбиелеу керек екендігін айтты.

Шешімі:
1. Мектеп директоры С.А.Касымованың 2018-2019 оқу жылына арналған есебі қанағаттанарлық деп танылсын.
2. Мектеп инспекторы Меркі АІІБ ЖПТ ЮПТ-нің полиция капитаны
А.С. Алишевтің І жарты жылдыққа жасаған есебі қанағаттанарлық деп танылып, мектеп әкімшілігімен бірлескен жұмысы жұмысы одан әрі жандандырылсын.
3.Ата-аналардың бала өмір қауіпсіздігіне жаз айларында ата-ана тарапынан қадағаланып, жауапкершілікке алынсын.


Қамқоршылық кеңес төрайымы: Бегалиева Жамал Байсековна
Қамқоршылық кеңес мүшелері
Наяткадаев Муратбек: /зейнеткер,ата-ана/ мүшесі
Етекбаева Нагима: /ата-ана/ мүшесі
Олжабаев Талғат: /жеке кәсіпкер/ мүшесі
Тұралбеков Рыскелді: /ата-ана/ мүшесі
Смаилова Кенже: /ата-ана/ мүшесі
Сыдыков Арман : /ата-ана/ мүшесі
Құрманқұл Ерғазы: /ата-ана/ мүшесі
Канапиева Зейнеп: хатшы,/ата-ана/ мүшесі


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив