15
сентябрь
2022
N35 ЖОББМ Тіл он күндігіне орай 9, 10, 11 сыныптар арасында "Polyglot" интеллектуалды ойыны ұйымдастырылды.
Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылына орай N35 ЖОББМ Тіл он күндігіне орай 9, 10, 11 сыныптар арасында "Polyglot" интеллектуалды ойыны ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты оқушылардың алған білімін сарапқа салу, ойлау қабілетін дамыту, шапшаңдық, тез жауап беру дағдысын қалыптастыру. Ойынға Жалын, Болашак, New generation топтары қатысты. Ойын 7 кезеңнен тұрды және үш тілде өткізілді. Нәтижесінде 9 сынып "New generation" тобы сыйлық сертификатын ұтып алып, қалған 2 топ дипломдармен марапатталды.