06
февраль
2025
«Құқық бұзушылық, жол көлік қауіпсіздігі, жасөспірімдер мен олардың қауіпсіздігі, жыныстық тиіспеушілік» тақырыбында іс шара

АНЫҚТАМА
Күні: 06.02.2025 жыл
Өткізілген орны: АКТ залы
Меркі ауданының білім бөлімі және аудандық полиция бөлімінің бірлескен жоспары аясында 2025 жылдың 6 ақпан күні №35 жалпы орта білім беретін мектепінде «Жасампаздық және жаңашылдық» айлығы аясында «Құқық бұзушылық, жол қауіпсіздігі, жасөспірімдермен және оларға қатысты қылмыстың, жыныстық тиіспеушіліктің алдын алу» тақырыбында кездесу өтті.
Кездесудің мақсаты – білім алушыларға құқық бұзушылықтың түрлерімен таныстыру арқылы заңды құрметтеу, тәртіптік, азаматтық-құқықтық, әкімшілік, қылмыстық құқық бұзушылық негіздерінен қазіргі заман тұлғасына ең қажеттерін іріктеп ала білуге үйрету.
Кездесу барысында полиция қызметкерлері білім алушыларға құқық бұзушылықтың алдын алу және болдырмау, кәмелет жасқа толмағандар арасында қылмыс пен құқық бұзушылыққа қарсы күрес бағытындағы ҚР Қылмыстық және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің нормаларын түсіндіріп, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілінсіз жүруге болмайтындығы және шылымнан, алкогольдік ішімдіктерден аулақ болу туралы айтып, ұрлық, тонау, бопсалау, дене жарақатын келтіру сияқты қылмыстар жасағаны үшін жауапкершілік қозғалатынын түсіндіріп, толық мағлұмат беріп өтті.