17
март
2026
Ахметбеков Берік Ахметбекұлы
Ахметбеков Берік Ахметбекұлы - 1978 жылы 27 қазанда Жамбыл облысы Меркі ауданы Меркі ауылында дүниеге келген. Ұлты-қазақ.* Білімі - арнаулы орта. 1997 жылы Жамбыл политехникалық колледжін техник-технолог мамандығы бойынша бітірген.
* Білімі - жоғары. 2003 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «тарих және география мамандығы» бойынша бітірген.
* Еңбек жолын 2000-2003 жылы Меркі ауданы №34 орта мектебінде тарих пәні мұғалімі болып бастады.
* 2003-2020 жылдары №48 орта мектепте география пәні мұғалімі, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, директордың әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарды.
* 2020 жылдың 30 қыркүйектен Меркі ауданы №48 жалпы білім беретін мектебінің директоры.
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің 2025 жылғы 03 желтоқсандағы №459-Ж/Қ бұйрығымен «№35 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры лауазымына Ахметбеков Берік Ахметбекұлы тағайындалды.