17
март
2026
"Жаратылыстану пәндері сабақтарында цифрлық платформаларды қолдана отырып,жасанды интеллект әдістерін сабаққа енгізу"
#35 жалпы орта білім беретін мектебінде ағымдағы жылдың 17 наурыз күні жаратылыстану-математика пәндері бірлестігінің "Жаратылыстану пәндері сабақтарында цифрлық платформаларды қолдана отырып,жасанды интеллект әдістерін сабаққа енгізу" тақырыбында айлықтың ашылуы өткізілді.Мақсаты:педагогтар цифрлы платформаларды қолдану арқылы білім алушылардың ойлау қабілетін дамыту және жаратылыстану пәндеріне деген қызығушылықты арттыру.Өту мерзімі: 17.03-17.04.2026 ж.
Айлықтың ашылу салтанатында мектеп директоры:Б.А.Ахметбеков құттықтау сөзімен іс-шараны ашып берсе,ӘБ жетекшісі:К.Ж.Тилегенова айлықтың жоспарымен таныстырып өтті.Сонымен қатар іс-шара барысында білім алушылар мен педагогтарға арналған ойындар жүргізіліп, логикалық сұрақтарға жауап алынып,білім алушылар жаратылыстану пәндеріне арнап өлең-жырларын айтты.Ашылу барысындағы жиын соңында барлық білім алушыларды іс-шараларға белсене қатысуға шақырып,"Жаратылыстану-әлемнің алты кереметі" әнімен қорытындыланды.