29
октябрь
2025
жергілікті өлкетану музейіне танымдық экскурсия
2025 жылдың 29 қазан күні мектебіміздің 3-сынып оқушылары үшін Кәсіби бағдар беруші педагог Ж.Танекеева ұйымдастыруымен жергілікті өлкетану музейіне танымдық экскурсия өткізілді.
Іс-шара мақсаты – оқушылардың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, ел тарихына, мәдениетіне деген қызығушылығын ояту, тарихи-танымдық қабілеттерін дамыту және рухани-адамгершілік тәрбие беру.
Экскурсия барысында оқушылар:
• Музей залдарымен танысып, тарихи жәдігерлерді тамашалады;
• Қазақстан тарихының әр кезеңін сипаттайтын археологиялық, этнографиялық, мәдени материалдарды көрді;
• Ұлттық салт-дәстүр, тұрмыстық бұйымдар, киімдер мен қару-жарақтар жайлы мәлімет алды;
• Музей қызметкерлерінен қызықты ақпарат естіп, сұрақтарына жауап алды.
Сапар барысында оқушылардың бойында отансүйгіштік, тарихи мұраға құрмет, мәдени мұраларды бағалау, зерттеу дағдылары қалыптасты. Экскурсия соңында балалар алған әсерлерімен бөлісті.