Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметінің қызметкерлерімен кездесу » СШ№35 уч.Жамбыла
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«№35 жалпы орта білім беретін мектебі»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 5-07-99
Есепші бөлімі:
+7(72632) 5-07-99
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметінің қызметкерлерімен кездесу
04
ноябрь
2025

Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметінің қызметкерлерімен кездесу

2025 жылдың 4 қараша күні мектебімізде Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметінің қызметкерлерімен кездесу өткізілді. Кездесуге келген қонақтар: Меркі шекара қызметкері: майор Орашев Айдос.
Іс-шараның мақсаты — оқушыларға шекара қызметінің маңызын түсіндіру, патриоттық тәрбие беру, әскери мамандықтарға деген қызығушылығын арттыру және ел қауіпсіздігі жолында қызмет етудің жауапкершілігін сезіндіру.
Кездесу барысында шекарашылар:
•⁠  ⁠ҚР Мемлекеттік шекарасының қорғалуы,
•⁠  ⁠Шекара қызметінің құрылымы мен негізгі міндеттері,
•⁠  ⁠Шекара академиясына түсу шарттары,
•⁠  ⁠Әскери қызметтің артықшылықтары мен талаптары туралы толыққанды ақпарат берді.
Оқушыларға нақты мысалдар келтіріліп, шынайы өмірлік жағдайлар баяндалды. Сонымен қатар, бейнероликтер көрсетіліп, әскери қызметтегі күнделікті тәртіп пен міндеттер таныстырылды.Кездесу барысында оқушылар белсенділік танытып, қызықтырған сұрақтарын қойып, шекарашылар тарапынан нақты жауаптар алды. Шара соңында мамандар әскери бағыттағы білім беру ұйымдарына түсудің жолдарын, талаптарын және болашақта әскери қызметкер болудың артықшылықтарын түсіндірді.Бұл кездесу оқушылардың отансүйгіштік қасиеттерін дамытуға, Отан алдындағы борыш пен жауапкершілік жайлы түсінігін тереңдетуге ықпал етті.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив