04
ноябрь
2025
Оқушылардың кәсіби бағдарын дамыту,
,,Адал азамат біртұтас тәрбие жобасының аясында Оқушылардың кәсіби бағдарын дамыту, болашақ мамандықты саналы таңдауға бағыт беру және мемлекеттік бағдарламалар туралы жан-жақты ақпарат беру мақсатында 2025 жылдың 4 қарашасында мектепте Жастар ресурстық орталығы өкілдерінің қатысуымен «Серпін» бағдарламасы аясында ақпараттық кездесу ұйымдастырылды. Кездесу келген Жастар ресурстық орталығы КММ-нің жастар ісі жөніндегі инспектор заңгері: Сүйімбай Бағлан, Меркі адалдық алаңың жобаның кеңесінің жетекшісі: Узбекбаев Нұрдәулет және жастар ресурстық орталығының заңгері: Темірбай Аружан
Кездесу барысында оқушыларға «Серпін-2050» әлеуметтік жобасының мақсаты мен маңыздылығы түсіндіріліп, еліміздің еңбек күші жетіспейтін өңірлеріндегі жоғары оқу орындары мен колледждерде білім алу мүмкіндіктері таныстырылды. Сонымен қатар оқу барысында берілетін әлеуметтік қолдаулар: тегін білім, стипендия, жатақхана, жұмысқа орналасу мүмкіндіктері және сұранысқа ие мамандықтар туралы ақпарат берілді.
Оқушылар белсенділік танытып, мамандарға өз сауалдарын қойып, толыққанды жауап алды. Іс-шара жастардың білімге, болашаққа деген қызығушылығын арттырып, еңбек нарығы талаптарына сай ойлауына ықпал етті. КББП: Танекеева Ж.